ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА 900 ОРЫНДЫҚ «ЖАЙЛЫ МЕКТЕПТІҢ» ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Сарыағаш ауданы, Жаскешу елді мекенінде 900 балаға шақталған «Жайлы мектептің» құрылыс жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бүгін аудан басшысы білім ошағының жұмыс барысымен арнайы танысты.
Айта кетейік, Жаскешу ауылында орналасқан мектептің сыйымдылығы төмен болуына байланысты жаңа мектептің құрылыс жұмыстары мердігер мекеме тарапынан қолға алынған.

-Балалардың болашағы үшін салынып жатқан білім ордасының сапасы басты назарда болуы қажет. Сол үшін мердігер мекеме, жұмысшы күшін көбейтіп, нысанды сапалы әрі мерзімінде аяқтап, пайдалануға беруі тиіс, — деді аудан әкімі Арман Абдуллаев.

Сонымен қатар аталған мектептің жер учаскесі қоршалып, учаскенің қазаншұңқырын қазып қайта көму жұмыстары жүргізілуде.

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен елімізде «Жайлы мектеп» жобасы жүзеге асады. Ұлтық жоба аясында Түркістан облысында 2023-2025 жылдары 63 жаңа мектеп бой көтереді. «Жайлы мектеп» Ұлттық пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде 2023-2025 жылдары Түркістан облысында құрылысы салынатын 63 мектептің (жобалық қуаттылығы 49 000 орын) іс-шара жоспары бекітіліп, бекітілген іс-шара жоспарына сәйкес жаңа мектеп құрылысын салуға тиісті құжаттар Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігіне ұсынылып, жұмыстар атқарылған. Сондай-ақ 2023-2025 жылдары құрылыс жұмыстары жүргізілетін елді мекендердегі мектептерді инженерлік инфрақұрылыммен (су, электр, жылу желілері, кәріз жүйелері, кірме жолдар, интернет желілері, қоғамдық көліктер және т.б.) қамтамасыз ету шаралары қабылданып, инфрақұрылым жоспары бекітілді.

Жиында мектеп құрылысына қатысты ұйымдастыру жұмыстарын баяу жүргізіп жатқан аудан әкімдеріне сын-ескертпе айтылды. Жұмысты жеделдету жөнінде тапсырма берілді.

Облыста екі жылда 300 орындық 11 мектеп, 600 орындық 25 мектеп, 900 орындық 15 мектеп, 1200 орындық 6 мектеп, 1500 орындық 4 мектеп және 2000 орындық 2 мектеп салынады.

Жоба аясында 2023 жылы құрылысы басталатын 29 мектептің жер телімі «Samruk-Kazyna Construction» АҚ меншігіне өткізіліп, бүгінгі күнге, құрылыс-монтаждау жұмыстары басталды. 29 мектептің құрылысы 2024 жылы аяқталып, пайдалануға беріледі деп күтілуде. Ал қалған 34 мектептің құрылыс жұмыстары 2024 жылы басталып, 2025 жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. Бүгінгі таңда құрылысы биылға жоспарланған 29 мектептің 27-сінің құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізетін мердігер және жобалаушы мекемелері анықталды. Қалған 2 мектебі бойынша сатып алу конкурсы өткізілуде. Қорытындысы биыл қыркүйек айының соңына дейін аяқталады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *