ТҮРКІСТАН: Келесте 401 шақырым жолға асфальт төселеді

Ішкі көшелер ұзындығы 711 шақырымды құрап отыр. Келес ауданында жол жөндеу жұмысиары қарқын алған. Бүгінде Келес ауданында ішкі көшелер 711 шақырымды құрап отыр. 2020 жылы жақсы және орташа деңгейдегі жолдардың 34 пайызы, яғни 244 шақырым жолдар асфальтталған болатын. Биыл бұл көрсеткішті 56,2 пайызға жеткізу жоспарлануда. Осылайша асфальтталған жолдардың ұзындығы 401 шақырымға жетпек. Келес және Шардара аудандарын жалғап жатқан облыстық маңызы бар КХ-72 «Абай-Шардара» автомобиль жолының 39-68 шақырым аралығына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Аталған жұмыстар Түркістан облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының тапсырысымен «Шымкентдорстрой» ӨК» ЖШС мердігер мекемесі тарапынан іске асырылуда. Сонымен қатар, биыл жолдың ойылған 3 шақырымына тегістеу қабатын салу жоспарланып, жөндеу жұмыстары 2024 жылы аяқталады деп күтілуде. Сондай-ақ мердігер мекеме тарапынан бекітілген сметалық құжаттамаға сәйкес, ойылып-кесілген жерге 2 қабат асфальт жабынын төсеу, жол белгілерін орнату қарастырылған. Айта кетейік, жүргізіліп жатқан жұмыстардың сапасын техникалық қадағалау «Оңтүстік жолдары» МКК және «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тікелей бақылауға алынған.
Түркістан облысы аумағында 2023 жылы жалпы 1586,4 шақырым жол мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстары жүреді. Жыл қорытындысымен 1282,6 шақырымын пайдалануға беру жоспарланған.

Қазіргі таңда Түркістан-Шәуілдір бағытындағы 64 шақырымдық жолдың 35 шақырымында жөндеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ, Түркістан қаласының әуежайы мен Кентау қаласын қосатын 26 шақырым жаңа жол биыл қыркүйек айында толық пайдалануға берілмек. Сонымен қатар, Сауран ауданының Қарнақ, Ойық, Шоқтас ауылдарын облыс орталығы Түркістан қаласымен қосатын және Шорнақ, Майдантал елді мекендері «Батыс Еуропа-Батыс Қытай» көлік дәлізіне шығатын 76 шақырым облыстық маңызы бар жолдарға жөндеу жұмыстары жүруде. Бүгінгі таңда 24,2 шақырымы аяқталып, қалған нысандар биыл жыл соңында толық пайдалануға беріледі.

Бұдан өзге, Түлкібас ауданының Машат, Ынтымақ, Азаттық, Шұқырбұлақ, Майтөбе бағытындағы 32,7 шақырымды құрайтын жолдарға орташа жөндеу жұмыстары жүруде. Жамбыл облысы мен Түркістан облысын байланыстыратын, сондай-ақ Созақ ауданының елді мекендерін аудан және облыс орталығына қосатын 152 шақырымдық облыстық маңызы бар автомобиль жолдарында орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Оған қоса, Қазығұрт ауданындағы Жаңабазар, Көкібел, Жігерген елді мекендерін жалғайтын 17,9 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары басталды. Сонымен қатар, Сарыағаш қаласындағы Қапланбек-Жібек жолы елді мекендерін жалғайтын 10,6 шақырым автомобиль жолына және Келес пен Шардара ауданын жалғайтын 29 шақырым жолда орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл өңірде облыстық маңызы бар жолдардың бойындағы 3 көпір күрделі жөндеуден өтіп жатыр.

Айта кетерлігі, Шымкент қаласының шекарасынан басталып, Зертас, Қасқасу, Диханкөл елді мекендерінен өтетін және «Тау самалы» демалыс аймағына баратын жолдың жөндеу жұмыстары жалғасуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *