ТҮРКІСТАН: КЕНТАУДА ЖОЛДАРҒА АСФАЛЬТ ТӨСЕУ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

Кентау қаласындағы жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Жалпы Кентау қаласы бойынша 374 шақырымды құрайтын 427 көше бар. Былтыр жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 70 пайызды құрап, 262 шақырым жолға асфальт төселген. Бұл бағытта жұмыс жалғасып жатыр.
Қала әкімі Жандос Тасов қаладағы құрылысы жүріп жатқан көшелерді аралап, жұмыс барысын бақылады. Аралау барысында мердігер мекемеге жол құрылысының сапасын басты назарға алуды, межеленген уақытта ақтауды тапсырды. Ал жауапты орынбасары мен тиісті бөлім басшысына құрылыс барысын ұдайы бақылап отыру керектігін айтты.
Айта кетейік, бүгінде Кентау қаласындағы асфальт төселетін жолдардың ұзындығы – 297. Сонымен қатар биыл «Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Хантағы ауылының 3 көшесіне және Ащысай ауылына қарасты 4 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, 2023 жылғы 1 қаңтардағы мәлімет бойынша республикада 6 293 ауылдық елді мекен бар, онда 7,8 млн-ға жуық адам тұрады. «Ауыл – ел бесігі» жобасын іске асыру үшін елдегі ауылдардың жалпы санынан даму әлеуеті жоғары, ауыл тұрғындарының 90%-ы тұратын 3,5 мың ауылдық мекен іріктеліп алынды.

Министрдің сөзіне қарағанда, бұл ауылдарды дамыту бойынша жұмыс 2019 жылдан бастап «Ауыл – ел бесігі» жобасы шеңберінде жоспарлы түрде басым тәртіппен жүзеге асырылуда. Жобаның мақсаты – инфрақұрылымды жаңғырту есебінен ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту, ауылдарды өңірлік стандарттар жүйесінің параметрлеріне жеткізу.«2022 жылы 577 ауылдық елді мекенде 1 мыңнан астам жобаны іске асыруға 128 млрд теңге бөлінді. Осы жылдың 1 қаңтарындағы мәлімет бойынша облыс әкімдіктері бөлінген қаражаттың 94%-ын игерген», деді Ә.Қуантыров.

Қаражаттың жоғары игерілуі Атырау, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан облыстарында байқалды. Сонымен қатар қаражаттың ең төмен игерілуі Ұлытау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыс­тарында тіркелді.

Бұл үшін 2019-2022 жылдары респуб­ликалық бюджеттен 326 млрд теңге бөлініп, 3,7 мың жоба іске асырылды. Атап айтқанда, 334 тұрғын үй-комму­налдық шаруашылық нысаны, 1,2 мың әлеу­меттік инфрақұрылым нысаны және 2,2 мың көлік инфрақұрылымы нысанын жаңадан салуға және жөндеуге мүм­кіндік берді, шамамен 30 мың жұмыс орны құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *