ОРДАБАСЫ: ҚҰРЫЛЫС САПАСЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Бүгін, аудан әкімі Азат Оралбаев аудан аумағында табиғи газбен қамту құрылысы жүргізіліп жатқан 25 елді мекен, ауыз сумен қамту құрылысы жүргізілген 1 елді мекен және автомобиль жолдарына жөндеу жұмыстары бойынша мердігерлер, техникалық, авторлық қадағалаушы мекеме жауаптыларымен жиналыс өткізді.

Жиын барысында аудан әкімі инфрақұрылыммен қамту жұмыстарын мерзімінде сапалы аяқтап, халық игілігіне пайдалануға беру ең өзекті мәселе екенін атап өтіп, мекеме басшыларына бірқатар тапсырмалар берді.
Аталған құрылыс нысандары уақытылы аяқталған жағдайда аудан аумағындағы 17 елді мекен табиғи газбен және 1 елді мекен сапалы ауыз сумен қамтылатын болады.

Сонымен қатар, автожолдардың қанағатты жағдайы 48,8 ден 55,5 пайызға ұлғаймақ.
Түркістан облысы аумағындағы жеке қаражат есебінен салынып жатқан кейбір құрылыс нысандары тарапынан сәулет, қала құрылысы қызметі саласында заң талаптары өрескел бұзылуда. Бұл туралы өңірде жүргізіле бастаған кешенді мониторинг барысында анықталды. Облыс аумағында Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалдының тапсырмасымен құрылыс нысандарына бақылау мен қадағалау күшейтілді. Облыс аумағындағы заңсыз, негізгі құжаттарсыз және сапасыз құрылыстардың алдын алу, болдырмау мақсатында кешенді мониторинг жүргізілуде. Оның барысы жайлы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен апталық аппарат отырысында баяндалды.

Түркістан облысының бақылау жөніндегі басқармасының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы саласындағы басты міндеттерінің бірі – құрылыс нысандарының сапалы және қауіпсіз болуын қадағалау. Басқарма басшысы Айдос Исмаиловтың баяндауынша, Сайрам ауданында жеке кәсіпкер өз жер теліміндегі құрылыс нысанын жобалау-сметалық құжаттамасынсыз, сараптаманың қорытындысын алмай, өз бетінше ғимарат салған. Құрылыс жұмыстары аяқталғанан кейін ғана тиісті басқармаға хабарлама жолдаған. Сол секілді Қазығұрт ауданында жеке кәсіпкер тарапынан салынған объектіні қабылдау және пайдалануға беру тәртібі бұзылған. Одан бөлек, Сарыағаш ауданында заң талаптарын сақтамай, құрылысы аяқталған 17 нысанның бірден тіркелгені анықталды. Аталған жайттарға қатысты істер құзырлы органдарға және сотқа жолданған.

Облыс бойынша бюджет және жеке қаражат есебінен салынып жатқан заң талаптарын бұза отырып, жұмыс атқарған 36 нысанның кемшіліктері анықталған. Оларға қатысты тиісті шара көріледі. Бүгінде облыс аумағындағы бюджет қаражаты және жеке кәсіпкерлік есебінен салынудағы құрылыс нысандарының саны мыңнан асады. Оның тең жартысы бюджет қаражаты есебінен салынуда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *