ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА «ЖАЙЛЫ МЕКТЕП» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА ТӨРТ МЕКТЕПТІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРІП ЖАТЫР

Сарыағаш ауданында «Жайлы мектеп» пилоттық ұлттық жобасы аясында 4 жаңа мектептің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тарқата айтсақ, бүгінде Сарыағаш қаласында 300 және 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталды. Одан бөлек, Дербісек ауылдық округіндегі — Дербісек, Қызылжар ауылдық округіндегі — Жаскешу елді мекендерінде 900 орындық мектептердің құрылыс жұмыстары басталып кетті. Осы орайда аудан әкімі Арман Абдуллаев пен «Samruk-Kazyna Construction» АҚ өкілі М.Айманбетов құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерке барып, жұмыс барысымен танысты.

Тиісті бөлім басшысы мен мердігер мекеменің қызметкерлерімен кездескен аудан әкімі құрылыс жұмыстарын жобаға сәйкес өз мерзімінде және сапалы аяқтауды тапсырды.

Бұдан өзге, Келес ауданында «Жайлы мектеп» жобасы арқылы 5 мектеп салынады. Бұл туралы «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы Айманбетовтың ауданға жасаған сапарында баяндалды. Сонымен бірге Мәулен Зарлықұлы ауданды аралау барысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында құрылысы жүріп жатқан мектептерге барды. Аудан басшысы басқарма төрағасына мектептердің құрылсына қатысты бірқатар ұсыныстарын жеткізді.

Сапар барысында алдымен Ақтөбе ауылдық округінің Ғани Мұратбаев елді мекеніндегі 600 орындық мектебінің құрылысымен танысты. Қазіргі таңда мектеп ғимаратының іргетасы қалануда. Басқарма төрағасы Мәулен Зарлықұлы мердігер мекеменің басшылығына құрылыс сапасын басты назарда ұстауды тапсырды.Түркістан облысының білім басқармасына қарасты 21 мекемеге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ал, 240 пән кабинетінің жабдықтарын алуға 3,1 млрд теңге бөлініп отыр.

Түркістан облысында жалпы мыңнан астам мектепте 514 мыңнан астам оқушы білім алады. Оның 907-сі мемлекеттік болса, қалғаны – жекеменшік. Білім беру инфрақұрылымын дамыту мақсатында облыста 2023-2025 жылдар аралығында 96 мектеп салынса, жыл соңына дейін соның 37-сін пайдалануға беру жоспарланған. Оның 63-і «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы бойынша аясында бой көтермек.

Айта кетейік, бүгін Түркістан облысындағы 1000-нан астам мектепке 51 621 оқушы бірінші сыныпқа барды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *