Қызылша аурушаңдығы бойынша эпидемиологиялық жағдай

Қызылша ауруы — көбіне балалар арасында жиі кездесетін, ауа-тамшы жолдары арқылы тарайтын инфекция. Күз-көктем мезгілдері эпидемиялық маусымдары болып саналады. Адамнан адамға жұғуы өте жоғары. Аурудың жасырын кезеңі 7-21 күнді құрайды. Ауру белгілері науқаспен байланыста болғаннан кейін суық тиюдің белгілеріне ұқсас симптомдармен біліне бастайды.
∙ дене қызуының көтерілуі;
∙ жөтелдің пайда болуы;
∙ құлақ, мойын, бет пен денеде, бөртпелердің пайда болуы.
Алдын алу үшін:
-қызылшаның алдын алуда тиімді де баламасыз шаралардың бірі – екпе алу. Қызылшаға қарсы бірінші екпе 1 жаста, 2-рет бала 6 жасқа толғанда жүргізіледі. Екпе 15 жыл бойы тұрақты, иммунитет сақтау тиімділігін қамтамасыз етеді.
-вакцина алу үшін жергілікті емханаларға жүгінесіздер. Өңірде вакцина жеткілікті деңгейде. Екпе алу тегін. Қызылша ауруы асқынған жағдайда бронхопневмонияға, лимфа түйіндерінің қабынуы, ларингит (тамақ ауруларының асқынуына) -энцефалитке (мидың қабынуы) әкелуі мүмкін.
-білім ошақтары мен балабақшаларда да санитариялық-эпидемиологиялық шараларды (бөлмені жиі желдету, ылғалды тазалау жұмыстарын жасау, дене қызуының көтерілуі, бастың ауыруы, әлсіздік және бөртпе сияқты аурудың алғашқы симптомдары пайда болғанда дәрігерге қаралу, халық көп шоғырланған орындарда маска киіп жүру) күшейтіп, сақтық шараларын ұстанған абзал. Вирус сыртқы ортаға төзімді болмағандықтан ауру ошақтарында дезинфекция шаралары жүргізілмейді.

Н.Нышанов Түркістан облысының СЭБД басшысы

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *