Қызылшаның алдын алу

​Қызылша – бұл өте кең түрде таралған инфекциялық ауру . Көбнесе балаларда кездеседі . Оның белгілері дене қызуының көтерілуі, мұрынның, көздің және тамақтың шырышты қабығы қабынып, теріде бөртпелер пайда болады. Қызылша – қазіргі таңда ең жұқпалы аурудың бірі болып табылады.

Ауру себептері: Инфекция ауа жолы арқылы беріледі. Вирус сыртқы ортаға сөйлеген кезде түкірікпен, жөтелген, түшкірген кезде бөлінеді. Вирустың таралуы сыртқы ортаның тұрақсыздығына қарамастан, ауа толқынымен ғимараттың вентиляциялық жүйесі арқылы таралған жағдайлары белгілі.Инфекция көзі- ол айналадағыларға 2 күн инкубациялық кезеңнен 4-ші күнгі бөртпелер шығып ауырған адам. Ал 5-ші күнгі бөртпелері бар адам жұқтырмайды деп саналады. Бұл аурумен ауырып жазылған адам өмір бойы иммунитетін сақтайды. Қызылшамен ауырған аналардан туылған балалар 3 айға дейін бұл ауруға шалдықпайды, өйткені осы аралықта олардың қанында аналық антиденелер сақталады. Бұл аурумен ауырмаған және егілмеген адамдар қызылшаны жұқтыруға бейім болады және өзінің өмірінде кез-келген жаста ауырып қалуы мүмкін.

Б. Елемесов Түркістан облысы СЭБД басшысының орынбасары

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *