СЫННАН НӘТИЖЕ ШЫҚТЫ

Мұнан бірер ай бұрын Шымкент қаласындағы Қаратөбе тас жолының бір жағында асфальт жоқ болатын. 20-ақпан күні осы мәселені «Nomad news» медиа порталында көтерген едік. Сол кезде тиісті орындар тарапынан аталған көшенің астындағы құбырлардың ауыстырылғаны және жауын-шашын тоқтағанда жөнделетіні туралы жауап берілген. Бүгінгі таңда Қаратөбе тас жолы жөнделуде. Мұндайда «Nomad news» айтты, мәселе шешілді» дегің келеді. Бәрінен бұрын көпшілік жүретін көшенің жөнделіп жатқанына қуаныштымыз.
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *