ӘЛ ФАРАБИ КӨШЕСІНІҢ БОЙЫНА НЕГЕ АҒАШ ЕГІЛМЕЙДІ?

Бірнеше жыл бұрын Шымкент қаласындағы «Ынтымақ-2» шағынауданындағы Әл-Фараби көшесінің жалғасының бойына ағаш көшеттері егілген болатын. Алайда, олар тым кеш егілгендіктен көбісі қурап кетті. Бір қызығы, су таситын көлікпен сол қураған ағаштардың өздері суғарылып тұрды. Оған сол маңайдағы бүкіл тұрғындар куә.
Кейіннен жаңа ағаш көшеттері үшін шұңқырлар қазылды. Арада қанша жыл өтседе шұңқырларға ағаш көшеттері отырғызылмады. Шымкентте сенбілік пен өзге де шарада ағаш көшеттері егілуде. Мәселен, жақында «Таза Қазақстан» акциясы аясында 700 көшет отырғызылды. Алайда, «Ынтымақ-2» шағынауданындағы Әл Фараби көшесінің жалғасына көшет егу ұмыт қалуда.
Енді тағы да ағаш көшетін отырғызу уақыты өтіп барады. Қысқасы, аталған көше бойына ағаш көшеттері егіле ме, әлде, егілмей ме?
Сабыржан БАЙБОСЫНОВ
Журналист

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *