ТҮРКІСТАН: Келестіктер жылыжайдан мол пайда тауып жатыр

Жұмысшылардың орташа жалақысы 150 000 теңге. Келес ауданындағы жылыжайлар мол өнім беруде. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» өкілі ретінде Келес ауданына арнайы іссапармен келіп, бірқатар нысандарды аралады. Облыс басшысы жылыжай шаруашылықтары иелерімен кездесіп, маңызды мәселелерді талқылады. Облыс басшысы Біртілек ауылдық округіндегі «Орынкүл» шаруа қожалығының жылыжайында болды. Кездесуде шаруалар өткізу нарығына қатысты және өндірісті кеңейту үшін инвестициялық субсидия алу мәселесін көтерді. Облыс әкімі ұсыныстарды тыңдап, мәселелерді жауапты органдармен бірге қарап, шешім қабылданатынын айтты. Шаруа қожалығында баклажан, қызанақ, қияр, тағы басқа көкөністер мен қара өрік өсіріледі. Жобаның жылдық қуаттылығы – 200 тонна. Жобаның жалпы құны – 110,0 млн. теңге. Шаруа қожалығы 2015 жылы іске қосылған. 10 адам тұрақты, 100 адам маусымдық жұмыспен қамтылған. Жұмысшылардың орташа жалақысы 150 000 теңге. Жалпы 10,8 гектар жердің 0,80 гектарына жылыжай орналасса, қалғаны – бау-бақша. Облыс әкімі ауыл шаруашылығын дамыту, осындай жобаларды қолдау жөнінде тапсырма берді.Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 12 мыңға жеткен. Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өскен. Келес ауданында жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 32 пайызға өсіп, 2023 жылы 118 млн. теңгеге жетті. Шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 51 пайызға өсіп, 2023 жылы 12 мыңға жеткен. Олардың өндірген өнім көлемі 69 млрд.теңгені құрап, 2022 жылмен салыстырғанда 20 млрд.теңгеге (49 млрд.тг.) немесе 40 пайызға өскен. Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2023 жылы 4 млрд.теңгеге жетіп, жоспар артығымен орындалған. Бұл туралы Түркістан облысы әкімі Дархан Сатыбалдының Келес ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Келес ауданының әкімі Жәнібек Ағыбаевтың атқарған жұмыстары туралы баяндамасынан кейін кезек сұрақ-жауапқа беріліп, тұрғындардың өтініштері, сұрақтары тыңдалды. Кездесуде белсенділік танытқан келестіктер жайылым жер, ауыз су, газбен қамту, жол және өзге де инфрақұрылымдық мәселелерді көтерді. Ұсыныстар мен өтініштер хаттамаға енгізіліп, тиісті бақылауға алынды. Сонымен қатар осы күні Дархан САТЫБАЛДЫ Келес тұрғындарын қабылдады 23.05.2024 17:32094 Қабылдауға құқық қорғау органдары мен басқарма басшылары да қатысты. Түркістан облысында тұрғындар өтініші мен тілектері өңір басшысының назарында, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Дархан Сатыбалды Келес ауданындағы жұмыс сапары аясында жеке қабылдау өткізді. Аудан тұрғындарын алаңдатқан мәселелерді мұқият тыңдап, жауаптыларға заң аясында шешімін табуды тапсырды. Тұрғындар жеке қабылдауда түйткілді мәселерді ортаға салды. Азаматтар елді мекендегі инфрақұрылымды дамыту мәселесін көтерді. Кәсіпкерлік мәселесін қозғады. Жер және ағын су жайын талқылады. Мәселелер бақылауға алынды. Өңір басшысының халықпен кезекті кездесуі мен жеке қабылдауы Сарыағаш ауданында жалғасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *