ДЕПАРТАМЕНТТІҢ ШАРДАРА АУДАНЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің қызметкерлері Б.Пахридинов, Ж.Байғұт және Персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Қ.Төлеген Департаменттің Шардара ауданы бойынша аумақтық басқармасына іссапармен барып, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша, еңбек және атқарушылық тәртіпті, Әдеп қағидаларын қатаң сақтау жөнінде Басқарма басшылығы және қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.
Бұдан бөлек, Ж.Байғұт өз кезегінде Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары жөнінде әдістемелік профилактикалық, түсіндірме баяндама жасады. Сыбайлас жемқорлықпен күресу еліміздің бүгінгі күнгі күрделі мәселелерінің бірі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қайсын болмасын да қатты алаңдататыны айқын.

Сыбайлас жемқорлықтың мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін едәуір төмендететіні, қоғамда демократиялық қайта құруларды жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне көлеңке түсіретіні белгілі. Ең бастысы — адамдардың қоғамның демократиялық негізіне деген сеніміне, заң мен әділдікке деген сеніміне, түптеп келгенде, билікке деген сеніміне кері әсер ететіні хақ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стретегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңында «сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру – сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл субъектілерінің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті көрсететін құндылықтар жүйесін сақтау және нығайту бойынша өз құзыреті шегінде жүзеге асыратын қызметі» деп түсіндіріледі..

Яғни, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет – бұл адамның саналы және адамгершілікпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұру қабілеті. Тұлғаның сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеті дегеніміз, ол сол тұлғаның қоғам қауіпсіздігіне және игілігіне сыбайлас жемқорлықтың зияны туралы білімін қамтитын қасиеті. Ол индивидтің жай ғана сыбайлас жемқорлықты төзбеуі ғана емес, сонымен қатар оны жоюға, онымен күресуге талпынуы болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Әсіресе, халық парақорлық дертімен жиі бетпе-бет келеді. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз қажет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *