Қаржылық сауатыңыз қандай?

Елімізде қаржылық сауат­тылық қай деңгейде? Жалпы, халқымыз­дың қаржы ұстау, оны жұмсау мә­де­ниеті қалып­тасқан ба? Әлде, әлі күн­ге дейін алаяқ­тарға жем болу дең­гейі жоғары ма?
Статистикалық де­­­ректерге сүйенсек, Қаржы нарығын рет­­­­теу және дамыту агенттігі елдегі қар­­­­жы­­­лық сауаттылық деңгейі әзірге 40 па­йыз көлемінде екенін көрсеткен. Агент­­­тіктің болжамынша, 2024 жылы бұл көрсеткіш 41%-ға дейін көтерілмек. Са­рапшылар әр адам өз бюджетін жос­пар­лау аса маңызды деп санайды.

Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі қаражатты басқару деңгейі жо­­ғары деген бірқатар өңірді атаған. Олар­дың қатарында Жамбыл, Солтүстік Қазақ­­­­стан, Қостанай, Қызылорда облы­­сы­мен бірге Түркістан облысы да бар. Ал қалған өңірлер деңгейі орташа сана­лыпты.

Алайда соған қарамастан оңтүстік өңір­де әлі де қаржылық алаяқтарға жем болу дерегі азаймай тұр. Құқық қорғау­­­шылар тұрғындарға алаяқтардан барын­­ша сақ болуды және кез келген ұсынысты қабылдамас бұрын оның мән-жайын то­лық тексеріп алуды ескертудей ескер­тіп-ақ келеді. Мәселен, Түркістан облы­сы аумағында халық көп жиналатын орын­дарда әкімшілікте және оқу орын­дарында қаржылық сауаттылықты арт­­тыру және интернет алаяқтықтан сақта­­­ну мақсатында түсіндірме жұмыстары жүргізіліп, баннер; лэд экрандар және жа­быстырмалы парақшалар таратылып, тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын байқаймыз.

Өкінішке қарай, соған қарамастан сала мамандары Түркістан облысында биылғы жылдың 9 айында 360 интернет алаяқтық қылмыс тіркеліп, 139 қыл­­­­­мыстық іс сотқа жолданғанын айтады. Зерделеу барысында тіркелген қылмыс­­тық істердің ішінде 118 онлайн, 112 ин­­­тер­­­­­неттен алдын ала төлем жасап тауар алу түрлері тіркелген. Яғни, тіркелген алаяқтық әрекеттердің барлығы дерлік қара халықтың қаржылық сауаттылы­­ғының төмендігі салдарынан орын алған қылмыстар.

Алаяқтардан сақ болу тұрғысында тиісті сала органдары «Интернет алаяқ­­тықтардан сақтану үшін Полиция депар­таменті ескереді» тақырыптарында 98 мәлімет 30-дан астам әлеуметтік желі­лерде жарияланып 8 бейнеролик мес­сенд­­жерлер арқылы таратқан.

Қаржылық алаяқтардың айла-тәсіл­деріне егде жастағы адамдар ғана емес, сонымен қатар жоғары білімі бар және IQ деңгейі жоғары азаматтар да тү­сіп қалып жатады екен. Сондықтан по­ли­­­цейлер мұндай әрекетке баратын­дар­­дың әккі екенін, алаяқтық әрекетті қа­­лай жасау керектігін жақсы меңгерген пси­холог болатынын айтады. «Көбінесе сүйкімді болып келеді, адамға тез ұнап қала­­­­тынымен немесе олардың аяушы­­лығын тудыра білетіндігімен азаматтар­дың сеніміне оңай енеді», – дейді олар. Олар­дың тілі шұрайлы, қай уақытта қандай сөз айту керектігін, қандай ин­­­­­тонациямен сөйлесу қажеттігін және қан­­дай хабарлама жасауға болатынын да жақсы біледі. Айталық, сізге белгілі бір адам қоңырау шалып, атыңыздан кредит ресімделгенін хабарлайды. Әрине, мұн­дай кезде бойыңызды қорқыныш билеп, өзіңізді жоғалтып та қоюыңыз әбден мүм­­­­кін ғой. Міне, осы кезде «қамқор» алаяқ сізге өзінің көмектесе алатынын ай­­тып, дербес деректеріңізді сұрайды. Со­ларды берсеңіз қалғанын банктің өзі реттейтінін мәлімдейді. Сізден жылдам және дәл қазір шешім қабылдауды талап етеді. Әйтпесе, сіз өз мүмкіндігіңізді жі­беріп алатыныңызды да ескертеді.

Мұндай алаяқтардың құрығына кө­біне зейнеткерлер түсіп қалады екен. Өйт­­кені зейнет жасындағылар мемле­­кеттік органдар мен полицияға көбірек сенім артады. Сондықтан егер оларға өзін осындай орган қызметкері болып таныстырған адам жүгінсе, олар оған кәміл сенеді. Егер де сіз осындай жағ­дай­ға тап болып, күмәндана баста­­саңыз, де­реу полицияға хабарлауыңыз керек. Есіңізде болсын, банк қызметкерлері сіздің деректеріңізді телефон ақылы сұ­ра­­­майды. Алаяқтар интернет пен IT-тех­нологиялардың дамуымен әккі-ше­­бер бола бастағанын да ұмытпауымыз керек.

Тәртіп сақшыларының мәлім­­­­деуін­ше, алаяқтар тұрғындарға ұялы телефо­нына қоңырау шалып, өздерін банктер мен басқа да қаржы ұйымдарының қыз­­меткерлеріміз деп көрсетеді. Қоңы­­рау шалатын алаяқтар қазақстандық қаржы институттарының абоненттік нөмір­­лерінің көшірмесін жасауға мүмкіндік беретін SIP телефония сияқты бағдар­ламалық құралды пайдаланады екен. Әңгімелесу кезінде олар сіздің картаңыз­дан ақшаны шығару әрекеті туралы ха­бар­лайды және сізден жеке кабине­­­тіңіз­дегі құпия сөзді өзгертуді, жаңа пароль мен SMS кодын ұсынуды сұрай­ды. Алаяқ­­тар, тіпті мәселені жылдам шешу гаджетіңізге қашықтан қосылу үшін өз қызметтерін ұсына алады. Мұны істеу үшін олар AnyDesk және TeamViewer қолданбаларын жүктеп алуды сұрайды. Есептік жазбаларыңызға қол жет­­кізген алаяқтар барлық ақшаны алып, тіпті сіздің атыңыздан несие ала алады.

Сондықтан егер сізге банк қызмет­­кер­­­лері қоңырау шалса, сөйлесуді дереу аяқтаңыз. Есіңізде болсын, нақты банк қызметкері сіздің жеке деректеріңізді нақ­тылау үшін сізге ешқашан қоңырау шалмайды. Банкте сіздің толық қаржы­­лық файлыңыз бар. Бұл ақпарат тек алаяқ­­тар үшін маңызды екенін ұмыт­паңыз.

Шабуыл жасаушылар қарапайым адам­дардың психологиясын жақсы мең­герген. Олар тез және сенімді сөйлейді. Кәсіби терминдерді қолданады. Сізді шешім қабылдауға асықтырады. Қажет жерінде қорқытады. Сондықтан барын­­­ша сақ болу керек-ақ.

Өңір полицейлері Түркістан облысы бойынша, Дін басқармасымен бірлесе отырып, әр аптаның жұма күндері мешіт және медреселерде, ал Мәдениет және туризм басқармасымен бірлесе отырып әрбір мәдени іс-шаралардың барысында «Интернет-алаяқтарынан сақ болыңыз­­дар» тақырыбында ескертпе жұмыстарын жүргізіп келеді. Жоғарыда келтірілген нақты статистикалық деректердің өзі өңір полицейлері алаяқтық қылмыспен күрес жұмыстарын барынша күшейт­­­­­кенін көрсетеді.

Түркістан қалалық Полиция басқар­­­масының тәртіп сақшылары «Мемлекет тарапынан қайтарымсыз негізде бері­­ле­­тін грантты алып беремін» деп алаяқ­тық әрекетін жасаған әйелді анықтаған. Атал­­­ған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабының 3-бөлігі (Алаяқтық) бойынша тіркеліп, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүруде. Бүгінде тұрғындар арасында дәл осындай жандардың құрығына түсіп қалу дерегі жиі кездеседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *