Қаржы пирамидасының белгілері: Сарапшы пікірі

Қазір елімізде қаржы пирамидалары өте көп. Бірақ оның негізгі белгілерін көп жағдайда білмей жатамыз.
Жалпы қаржы пирамидасының белгілері өте көп. Бірақ оның бәріне ортақ нақты белгілері бар. Бұл туралы қаржы сарапшысы Аягөз Ханетова түсіндірді. Ол қандай белгілер?
Қаржы пирамидаларының басты белгілері:
– Көрсетілген қызметін жүзеге асыруға ресми лицензиясының болмауы;
– Тым жоғары табыс табуды ұсынуы;
– Ұйым жөнінде қаржылық ақпаратты жасыруы;
– Агрессивті түрде ұйымды жарнамалау, әсіресе чаттар арқылы;
– Адамдарға пайданы жаңадан кіргізген мүшелердің салған салымынан беруді жоспарласа (яғни, өз капиталы жоқ, тек келесі кірген адамның ақшасынан бір бөлігін басқа адамға бөліп беру);
– Шынайы қауіп-қатердің қаншалықты жоғары екенін түсіндіріп бермеуі.
Сонымен қатар маман қаржы пирамидаларының экономика үшін де тиімсіз екенін айтып, қоғамда қаржылық сауатты арттыруымыз қажет екенін айтты.
Қаржы пирамидасының белгілері қандай?

1. Уәделенген айтқысыз пайда, үстеме табыс. Жоғары табысты қамтамасыз ету уәдесі тек бір рет ұйымға тарту үшін орындалуы мүмкін, бірақ одан да көп қаражаттан айырып қалу қаупі өте жоғары.

2. Компания шынайы экономикалық немесе инвестициялық қызметпен айналыспайды. Пирамидалар тауарлық, несиелік, туристік, құрылыс компаниялары ретінде жасырынады. Алайда, шындап келгенде ескі салымшыларға барлық төлем жаңа салымшылардың жарнасы есебінен төленеді.

3. Жобалардың материалдық-құқықтық базасы жоқ, яғни, бұл компаниялар жаңадан құрылған, қаржылық есептілікке ие емес, келісімдер жасамайды немесе келісімдер тек ұйымдастырушылардың пайдасын көздеп жасалған әрі ҚР заңнамасына сәйкес келмейді.

4. Компанияның тым жан-жақты қызметі болып табылады, сол арқылы компания айқын әрі нақты қызметінің жоқтығын жасырады.

5. Әлеуметтік желілердегі белсенді әрі мезі қылатын жарнама. Осындай жарнаманы тарату «Жарнама туралы» ҚР Заңына сәйкес мүмкін емес болғандықтан, аталмыш заңсыз бизнестің барлығы әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде кеңінен таралады.

6. Қаржы регуляторы лицензиясының болмауы. Кез келген салым егер сыйақының мерзімі мен мөлшерлемесі көрсетілген болса депозит болып саналады. Халықтан салым алу үшін ҚР Ұлттық банкінің лицензиясы қажет және ол екінші деңгейдегі банктерде бар. «ҚР екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы» ҚР Заңына сәйкес банктер халықпен жұмыс жасап, салынған қаражаттың қайта берілуіне кепілдеме береді. Бірақ қаржы пирамидасының ұйымдастырушылары лицензияны қажет етпейтіндігін мәлімдейді.
Заманауи үлгідегі ең алғаш қаржы пирамидасын 1919 жылы италиялық Чарльз Понци құрған, кейіннен пирамидалар жүйесін Понци жүйесі деп атайтын болған. Пирамидалардан қарапайым халық қана емес, экономика да зардап шегеді. Себебі халықтың ақшасын қалтасына басқандар көбіне шетелге қашып кетеді, яғни сыртқа капитал ағыны болады. Сондықтан пирамидаларға қатысты заң қатаңдатылуы керек, бұл – мемлекет тарапынан жасалатын қадам. Ал қарапайым адамдар қаржы сауаттылығын арттыру керек, ең болмағанда қаржылай сауатты адамның кеңесін алуы керек, – деп түсіндірді қаржы сарапшысы А. Ханетова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *