Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар үлесі 42,4%-ға төмендеді

Облыс халқының 3,6% -ын құрап отыр. Түркістан облысында аз қамтылған азаматтар үлесі 42,4%-ға төмендеген. Түркістан облысында 2024 жылы 216,9 мың адам, атаулы әлеуметтік көмекпен толық қамтылмақ және ол үшін бюджеттен 12,2 млрд.теңге қаржы қарастырылған. Аталған жұмыстар бойынша, 2024 жылдың 1 мамырында 12,9 мың отбасыға 2637,4 млн.теңге көлемінде атаулы әлеуметтік көмек тағайындалған. Ал аз қамтылған азаматтардың үлесі облыс халқының 3,6% -ын құрап отыр. Сондай-ақ бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 42,4%-ға төмендеген. Облыс көлемінде 2023 жылығы көрсеткіш бойынша, кедейлік деңгейі 6,3% — ын құрайды. Айта кетейік, ағымдағы жылы АӘК тағайындау жұмыстары белгіленген межеге сәйкес, 83 939 адамнан асырмау артығымен орындалған.
Мемлекеттік қолдаулар халықтың табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда.

2023 жылы Түркістан облысында жаңа бизнес-идеялар ұсынған 1688 азаматқа грант беру жоспарланса, 594 жасқа 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие беріледі. Мемлекеттік қолдаулар халықтың табысын арттыру мақсатында жүзеге асырылуда. Бүгін Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ермек Кенжеханұлының қатысуымен бағдарламалардың аймақта іске асырылу барысын талқылау жиыны өтті. Мәжіліске Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік басқармасының басшысы Әсия Темірбаева, барлық аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ облыстық филиалының өкілі, жергілікті әкімдіктердің жанынан құрылған жұмысшы топ мүшелері шақырылды. Күн тәртібіндегі мәселе бойынша басқарма басшысының орынбасары Тұрар Құдайбергенов баяндама жасады. Оның мәлімдеуінше, «Еңбек» бағыты бойынша жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін грант берудің бірінші легі 20 ақпан — 3 наурыз аралығында жүргізілген. Үміткерлердің өтінімдері Business.enbek.kz кәсіпкерлік бастамаларды қолдаудың бірыңғай онлайн терезесі арқылы қабылданып келеді. Алғашқы лекте 385 азаматқа грант қарастыру көзделіп, 5199 адам өз жобаларын аталған платформаға жолдаған. Нәтижесінде 381 қатысушыға грант беріліп, игілігін көруде. Мемлекеттік қолдауға қол жеткізгендердің қатарында атаулы әлеуметтік көмек алушылар, көпбалалы отбасы мүшелері, мүгедектігі бар азаматтар мүгедектігі бар бала тәрбиелеп отырған тұлғалар, асыраушысынан айырылған жағдайда төленетін жәрдемақыларды алушы санаттарындағы азаматтар бар.
Айта кетейік, Түркістан облысының жастарына 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие үлестіру үшін мемлекеттен 2,9 млрд. теңге бөлінген. Агенттіктің хабарлауынша, бүгінге дейін жалпы 256 жас кеңес алуға келіп, оның 130-ы бизнес-жобасын ұсынған. Комиссия қарауына 105 жастың құжаты өткізіліп, 25-26 мамыр күндеріне жоспарланған комиссия отырысында өз жобаларын қорғайды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *