ҚР Қаржы Вице – министрі Түркістан халқымен кездесті

ҚР Қаржы Вице – министрі Түркістан облысына қызметтік іс – сапармен келді.
Қазақстан Республикасы Қаржы вице- министрі Ержан Ерікұлы Біржанов Түркістан облысының тұрғындарымен кездесу өткізген еді.
ҚР Президентінің тапсырмасын іске асырудағы Қазақстандағы «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде, салық және кеден саласындағы мәселелерді талқылап, тұрғындармен ашық диалог құрды.
Іс-сапардың тағы бір мақсаты — Түркістан облысындағы «Қазығұрт», «Жібек — Жолы» кеден бекеттерінің құрылыс жұмыстарымен танысып, Өзбекстанмен шектесетін кеден бекеттерінің екіжақты өзекті мәселелердің шешімін қарастыруға, және кедендік реттеуге бағытталған.
Кездесу барысында Қаржы вице- министрі Ержан Ерікұлы Біржанов, халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру мақсатында қаржы министрлігінің тарапынан атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады.
Жергілікті халық өздерінің толғандырып жүрген өзекті мәселелерін ортаға салып, вице – министрге өз ұсыныстарын жеткізді. Соңында тұрғындардың мәселелеріне толыққанды жауап берілді.Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданындағы «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысымен, өзекті мәселелерімен танысты. Сонымен бірге Сарыағаш ауданының әкімі, Мемлекеттік кірістер департаменті, Сарыағаш аудандық полиция басқармасы, ҰҚК Шекара қызметінің Түркістан облысы бойынша департаментінің және өзге де құзырлы органдардың басшылары мен орынбасарлары да шекара бекетінде болды.
Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы жолаушылар ағымы және жүк көліктері қозғалысы үшін аса маңызды бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Облыс әкімі шекарадағы тауар айналымын заң жүзінде реттеу, жұмысты жүйелеу жөнінде ұсыныс-пікірлерін айтты. Жауапты тұлғалардың жұмыс барысы туралы ойларын тыңдады.
– Түркістан облысының көліктік-логистикалық әлеуеті өте жоғары. Өзбекстанмен шектесетін Сарыағаш ауданының да мүмкіндігі зор. Сондықтан кеден бекетінің әлеуетін пайдаланып, жұмыс орындарын көбейтуге, ел табысын молайтуға болады. Жүйелі жұмыс істелуі тиіс, – деді Дархан Сатыбалды.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары Е.Тұрысов «Жібек жолы» кеден бекетінің жұмысын баяндады. Кеден бекеті арқылы күнделікті 1000-ға жуық жеңіл автокөлік және 50 шақты жолаушылар автобусы өтеді. Жаяу жүргіншілер де көп.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *