ТҮРКІСТАН: Сарыағашта кәсіпкерлік дамып жатыр

Кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барды. Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сарыағаш ауданына жұмыс сапарымен барып, бірқатар нысанды аралады. Сапар барысында сарыағаштық кәсіпкерлермен кездесіп, кәсіпкерлік саласындағы мәселелер мен ұсыныстар талқыланды. Ең алдымен өңір басшысы Сарыағаш қаласында орналасқан «Бәйтерек-Шымкент» ЖШС-нің кондитерлік өнімдер өндіретін кәсіпорынның жұмысымен танысты. Кәсіпорын иесі Нұржан Қожамбеков өңір басшысына кәсіпорынның атқарып жатқан жұмыстары туралы баяндап, алдағы уақыттағы жұмыс жоспарларымен бөлісті. Кәсіпорынды дамытудың бірқатар жолдары ұсынылып, мемлекеттік қолдау көрсетудің бағыттары қаралмақ. Бүгінде 50-ден аса адамды тұрақты жұмыспен қамтыған цех, айына 70-80 тонна өнім өндіруге қауқарлы. Жоба құны 200,0 млн теңгені құрайтын цехта 40-қа жуық өнім шығарылуда. Қазіргі таңда өндірілген тәттілер еліміздің түкпір-түкпіріне ғана емес, сонымен қатар Әзербайжан мемлекетіне де жөнелтілуде. «Южконд» брендімен кондитерлік өнімдер өндіретін цех 2014 жылы алғаш рет нарықтағы жұмысын бастап, 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан ерекше үлесі үшін «Жылдың үздік кәсіпорыны» номинациясымен марапатталған. Облыс әкімі Дархан Сатыбалды аудан әкімі мен жауапты басқарма басшыларына инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашу бағытындағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды.
Түркістан өңірінде шағын және орта кәсіпкерлік саласы жақсы дамып келе жатыр. Осы ретте Сарыағашта орналасқан темір өнімдерін дәнекерлеп, өз өнімін ұсынатын дәнекерлеу ндіріс орны тәулігіне 50 дана өнім шығарады. Жобаны іске асыруға 8,6 млн. теңге жұмсаған. Бүгінде өндіріс орнында 8 адам жұмыспен қамтылған. Кәсіпкер «Ауыл аманаты» жобасы аясында 2,5 пайызбен несие алып, кәсібін дөңгелетіп отыр. Қазіргі таңда өнімдерді Түркістан облысы және Шымкент қалаларына саудалап жатыр.

Кәсіпкер бүгінде іске асырылып жатқан «Ауыл аманаты» жобасының басты мақсаты ауыл тұрғындарына кәсіп бастауына қаржы бөлу екенін жеткізді. Тұрғындардың әлеуетін жақсарту қажеттігін айтты. Аудан басшысы осы саланы қолдап, кәсіпкерлікті насихаттау қажет екенін жеткізді. Сондай-ақ алдағы уақытта да «Ауыл аманаты» жобасы аясында жұмысты күшейтіп, кез келген тұрғынның іс бастауына көмектесуді тапсырды.

Сонымен қатар, Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев жұмыс жоспарына сәйкес, Құркелес ауылдық округіне барып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында шаруасын дамытып отырған, кәсіпкердің жұмысымен танысты. С.Юсупов «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында 10 сауынды бие сатып алып, салауатты өмір салтын ұстану үшін табиғи сүт өнімдерін халыққа ұсынуда. Тәулігіне 50 литр сүт алу жоспарлануда.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *