«Қарызсыз Қоғам» жобасы Бәйдібек ауданында да іске асуда

«Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты — азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесу.
Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейту бойынша Бәйдібек ауданында 13-мамырдан бастап Ағыбет ауылында бастауын алып, жұмыс жүргізілуде.
«Ұлы Дала» РҚБ қаржы сарапшысы Есенбаев Мұратжан Бекболатұлы Қарызсыз қоғам жобасын, Бәйдібек ауданы бойынша іске асыру туралы ауылдық округ тұрғындарымен кездесіп, оқытуда.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға ниет білдіргендердің барлығын оқуға шақырады.
Оқу бес күн өтеді. Осы уақыт ішінде Сіз қаржылық тәуелсіздік дағдыларын, отбасылық бюджет аудитін үйренесіз, шығындарыңызды басқарасыз, қаржылық жоспарлауды үйренесіз, өзіңізге тиімді шарттармен кредит таңдайсыз, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысасыз.
«Қарызсыз Қоғам» 5 күндік курсына оқу үшін Amanat партиясының жергілікті филиалына немесе жергілікті әкімшікке хабарласып, тіркелуге болады.2024 жылы еліміздің барлық өңірінде 200 мың адам қаражатқа жауапкершілікпен қарап, табысты арттырудың әдіс-тәсілін үйренеді. Бұған қоса, мектеп, колледж және жоғары оқу орнына арналған оқу құралдары әзірленеді. Бұл қадам 100 мыңға жуық студент пен 450 мың жоғары сынып оқушыларының сауатын арттыруға мүмкіндік береді. Осылайша, жоба аясында 750 мың адам қамтылады.

«AMANAT» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын үнемі жетілдіріп келеді. Жобаға қатысушылардың 75%-ы – әйелдер. Оның жартысынан көбі – көпбалалы аналар. Партия оларға жағдайды жақсартудың жаңа құралын ұсынды. Атап айтқанда, оқудан өткен әйелдер жеке кәсібін бастау үшін қайтарымды грант пен лизингке құрал-жабдық сатып ала алады. Бастама шеңберінде жыл соңына дейін 3500 әйелді қамту жоспарға алынған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *