ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ЖЫЛЫЖАЙЛАРҒА 600 МЛН ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ СУБСИДИЯ ТӨЛЕНДІ

Бүгінде Түркістан облысында 1 640 гектарды құрайтын 3 366 бірлік жылыжай бар. Оның ішінде 87,2 гектары — өнеркәсіптік жылыжай. Түркістан өңірі — жылыжай шаруашылығын дамытуда еліміздегі аймақ.
— Өткен жылы жылыжайларда 681,5 гектарға — қияр, 792,8 гектарға — қызанақ, 154,6 гектарға — басқа дақылдар және 4,4 гектарға — көшет, 3,6 гектарға — лимон, 3,1 гектарға — гүл егілген. Жалпы облыстағы жылыжай шаруашылықтарынан 140 мың тонна өнім жиналған. Қазіргі таңда, 2024 жылдың бірінші айналымына көшет отырғызу жұмыстары атқарылуда. Сонымен қатар, жылыжай шаруашылықтарын қолдау мақсатында облыстық бюджеттен 565 млн. теңгеге 100-ден астам өтінімге субсидия төленді.
Бұдан бөлек, 2024 жылдан бастап Түркістан облысының жылыжай шаруашылықтарына қосымша 150 мың тонна көмір жеткізілмек.
Екі өңірдегі төлемдердің жалпы құны 900 млн теңгеден асты. Субсидия алушылардың басым көпшілігі жылыжай шаруашылығымен айналысатын шаруалар.

Жылыжайларды мемлекеттік қолдау ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығын субсидиялау ережелеріне толықтырулар енгізілгеннен кейін жүзеге асты. Осыған ұқсас норма құжатқа елімізде жылыжай көкөністер өндірісін қолдау мақсатында 2023 жылы алғаш рет енгізілген болатын. Бюджет қаражатын тиімді жұмсау сондай-ақ, барлық агротехнологиялар сақталатын жылыжайларды қолдау үшін өндіріс технологияларына сәйкестік сертификатының (есебінің) болуы міндеттелді. Ұлттық стандартты ҚР СИМ Техникалық реттеу және метрология комитеті АШМ және бизнес өкілдерімен бірлесіп әзірледі. Жаңа норма 2023 жылдың 1 мамырынан бастап күшіне енді. 2023 жылдың 25 желтоқсанындағы жағдай бойынша 814 жылыжай ұлттық стандартқа сәйкестік сертификатын алды, тағы 825 өтінім қарастырылуда.

Бүгінде Түркістан облысы мен Шымкентте қаласы жылыжай шаруа қожалықтарының иелеріне субсидия төлеу басталды. Желтоқсан айында жылыжайларда көкөніс дақылдарын егу басталады. Ал, субсидия мөлшерлемелері Ережеге сәйкес көшеттердің өнген көлеміне қарай төленеді (1 шаршы метрге белгіленген көшеттердің кемінде 95%-ы). Түркістан облысында жылыжай фермерлеріне жалпы көлемі 565 млн теңге, Шымкент қаласындағы жылыжайлар үшін 341,9 млн теңге төленбек. Қазір Түркістан облысында 112 субсидия алушының 106-сы шаруа қожалықтарының жылыжайы, 6-ы өнеркәсіптік жылыжай.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *