ТҮРКІСТАН: СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Жемқорлықпен күрес әрбір саналы азаматтың парызы. Кез келген өркениетті қоғам үшін жемқорлықпен күрес өзекті мәселе болып отыр. Елiмiзде осы мәселеге арнайы қабылданған заңдар да, атқарылып жатқан жұмыстар да баршылық, бiрақ бұл мәселе әлi толық шешiмiн тапқан жоқ.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөнінде өткізген кеңесте: «Сыбайлас жемқорлықпен ымырасыз күресу мемлекеттік саясаттағы негізгі басымдықтың бірі екенін атап өтті. Заң үстемдігін орнатып, нағыз құқықтық мемлекет құру үшін, ең алдымен, жемқорлықтың тамырына балта шабу керек» — деп атап көрсеткен болатын.

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау – сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау және зерделеу.
ДЕПАРТАМЕНТТІҢ КЕНТАУ ҚАЛАСЫ, САУРАН, СОЗАҚ АУДАНДАРЫ БОЙЫНША АУМАҚТЫҚ БАСҚАРМАЛАРЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ.
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Адам ресурстары басқармасының Қызметтік тергеп-тексеру бөлімінің қызметкерлері Б.Пахридинов, Ж.Байғұт және Персоналмен жұмыс бөлімінің басшысы Қ.Төлеген Департаменттің Кентау қаласы, Сауран, Созақ аудандары бойынша аумақтық басқармаларына іссапармен барып, Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша, еңбек және атқарушылық тәртіпті, Әдеп қағидаларын қатаң сақтау жөнінде Басқарма басшылығы және қызметкерлерінің қатысуымен жиын өткізді.
Бұдан бөлек, Ж.Байғұт өз кезегінде Мемлекеттік қызмет туралы, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамалары жөнінде әдістемелік профилактикалық, түсіндірме баяндама жасады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *