Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын іске асыру шеңберінде «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейту бойынша Бәйдібек ауданында 13-мамырдан бастап оқыту курсы басталған болатын.
«Қарызсыз қоғам» жобасының мақсаты — азаматтарға қаржылық және құқықтық білікті көмек көрсету, халықтың қаржылық сауаттылығын арттыру, азаматтарға банктік қарыздар мен микрокредиттер бойынша проблемалық берешекті реттеуге жәрдемдесу болып табылады.
«Қарызсыз қоғам» жобасы аясында қаржылық сауаттылықты арттыруға ниет білдіргендердің барлығын оқуға шақыруда. Осы апта 20 мамырдан бастап «Қарызсыз қоғам» жобасы боцынша оқу Боралдай ауылдық округінің орталығында өтуде. Оқу бес күн өтеді. Осы уақыт ішінде Сіз қаржылық тәуелсіздік дағдыларын, отбасылық бюджет аудитін үйренесіз, шығындарыңызды басқарасыз, қаржылық жоспарлауды үйренесіз, өзіңізге тиімді шарттармен кредит таңдайсыз, депозиттердің әртүрлі шарттарымен танысасыз.
«Қарызсыз Қоғам» 5 күндік курсына оқу үшін «Amanat» партиясының жергілікті филиалына немесе жергілікті әкімшікке хабарласып, тіркелуге болады. Оқыту тегін өтеді.
Халықтың қаржылық сауатын арттыруға бағытталған «Қарызсыз қоғам» жобасы биыл барлық өңірде жүргізіледі. Ақпан айында облыстар мен республикалық маңызы бар 3 қала бойынша 150 қаржы сарапшысын оқыту басталады. Бұл мамандар жыл бойы 200 мың қазақстандыққа қаржылық сауат курстарын өткізеді. Әсіресе, онда несие мерзімі 90 күннен асып кеткен азаматтарға басымдық берілмек.Өткен жылы басталған пилоттық жоба өз тиімділігін көрсетіп, жалпыхалықтық бағдарламаға айналды. 2023 жылы 1 қыркүйекте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Қарызсыз қоғам» жобасын ерекше атап өтіп, оның игілігін барша халық көруі керек деген еді. 16 қыркүйекте «Қарызсыз қоғам» жобасының орындалуы Үкіметте қаралды.ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «АМАNАТ» партиясымен бірлесіп, «Қарызсыз қоғам» білім беру жобасының ауқымын кеңейтетін Жол картасын және қалаларда ашылатын жобалық кеңселердің жұмысы туралы Ережені дайындады. Жобалық кеңселер азаматтарға қаржылық және құқықтық мәселелер бойынша кеңес береді.
Сонымен бірге, «Қарызсыз қоғам» жобасы аясын қаржылық сауат бойынша білім беру платформасы іске қосылады және Қазақстанның барлық жоғары оқу орындарына, колледждеріне және мектептеріне қаржылық сауат курсы енгізіледі. Дәлірек айтқанда, 450 мың оқушы мен 100 мың студентті қаржылық сауат негіздеріне үйрету жоспарланған. Бұл оқу орындары үшін арнайы әдістеме мен оқу құралдары әзірленеді.