ҚАЗАҚСТАНДА ӘЛЕУМЕТТІК МАҢЫЗЫ БАР ӨНІМДЕРДІҢ БАҒАСЫ ТӨМЕНДЕУДЕ

Жыл басынан бері 21 мамырға дейін республикада әлеуметтік маңызы бар өнімдер бағасының өсуі 0,2%-ға дейін баяулады. Өткен аптада көрсеткіш – 0,1% құрады.
Әлеуметтік маңызы бар өнімдердің қазіргі бағасы қатысты жағдай 25 мамыр, сенбі күні Үкіметте вице-премьер Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кезекті кеңесте қаралды.
Бір апта ішінде қырыққабат бірден 10,4%-ға арзандады, оған Түркістан облысында жаңа өнім алу әсер еткен. Сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова атап өткендей, қырыққабатты сатып алуға сауда желілері қосылды, ішкі нарық жаппай толығып жатыр.Күнбағыс майы (-0,6%), қарақұмық жармасы (-0,4%), С1 санатындағы тауық жұмыртқасы (-1,4%) бағасының төмендеуі жалғасуда. Сонымен қатар «төмен бағалар» тобында сүзбе (-0,2%), тауық еті (-0,2%), айран майлылығы 2,5% (-0,4%), тұз (-0,1%) және 1 сұрыпты бидай ұны (-0,1%) бар.Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан тұрақтандыру қорларындағы көкөніс қорларының көлемі бойынша деректер айтылды. Өңірлерге күзгі өнімді келесі маусымаралық кезеңге жеткізуге форвардтық шарттар жасасу бойынша жұмыс жүргізу тапсырылды. Серік Жұманғарин өңірлерге алдағы апта ішінде бағаны тұрақтандыруды қамтамасыз етуді және қажетті көлемде жаңа өнім жеткізуді жеделдетуді тапсырды.
«Еліміздің сегіз өңірінде ӘМАТ-тың орташа баға индексі төмендегені байқалып отыр, оның алтауында нөлге тең. Ақтөбе облысында (0,8%-ға), Маңғыстау, БҚО (0,2%-ға), Атырау, Қарағанды және Абай облыстарында (0,1%-ға) бағаның біршама көтерілуі тіркелген», — деп атап өтті сауда және интеграция бірінші вице-министрі Айжан Бижанова.
Су тасқынынан зардап шеккен өңірлер.
«Алдын ала есептеулер бойынша, өңірлерде 130 сауда нысаны зардап шегіп, Павлодар облысының бір кәсіпкеріне келтірілген шығын өтелді. Қалғандары бойынша шығынның мөлшерін анықтау жұмыстары жүргізілуде, Петропавлға Көкшетау, Астана, Қарағанды және Омбы қалаларынан ауыз су жеткізу жұмыстары ұйымдастырылды. Тәулік бойы ауыз су құю туралы келісімге «Көкшетауминсу» мекемесімен қол жеткізілді. Қазіргі таңда Петропавл қаласының барлық дүкендері мен қоймалары сумен қамтылған», — деді Айжан Бижанова.
Вице-премьер Жұманғариннің тапсырмасы бойынша Сауда комитеті БҚО мен СҚО-дағы көкөніс қоймаларын су басу және ӘМАТ қорларын жоғалту қаупі тұрғысынан мониторинг жүргізді. БҚО-да «Ел-Ырысы» базарының аумағында тұрақтандыру қорының 293 тонна күріш, 100 тонна қант, 46 тонна күнбағыс майы сақталғаны анықталды. Қойма су басудан қорғалған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *