ӘСКЕРИЛЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ҚОЛДАЙДЫ

        Еліміздің Қарулы Күштерінің Бас қолбасшысы, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2019 жылғы 2 қыркүйекте  Қазақстан халқына жолдаған «Сындарлы қоғамдық диалог — Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты алғашқы жолдауын әскери қызметшілер де талқылады. ҚР Премьер-Минстрінің кеңсесі бекіткен қаулының 24-тармағы негізінде  өткен шараға Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы,әскери прокуратура өкілдері мен ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері қатысты.
       Алдымен сөз кезегін Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары подполковник Р. Мадьяров алып, жианалғандарды Президент жолдауында көрсетілген бағыттармен таныстырып, құжаттың маңыздылығына кеңінен тоқталды.
-Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің халыққа арнаған алғашқы Жолдауында  ел дамуын  жаңа деңгейге шығарып, халықтың әл-ауқатын арттыру үшін, атқарылуы тиіс барлық жұмыстарды белгілеп берді. Жолдауда бірқатар өзекті мәселелерді шешу жолдары қарастырылған. Сондықтан әрбір әскери қызметші Президент жолдауын көңілге тоқып, ондағы міндеттерді жүзеге асыру жолында қолдан келген барлық мүмкіндіктерді аямауы керек. Сонда ғана біз экономикасы қуатты, әлемдегі бәсекеге қабілетті елдердің қатарына қосыламыз ,-  деді  подполковник  Р. Мадьяров.
         Жиында сондай-ақ , ҚР Қарулы Күштерінің ардагері запастағы подполковник Н.Асилбеков, «Әскери құрылымдар қызметкерлері салалық кәсіптік одағы» қоғамдық бірлестігінің облыс бойынша төрайымы Ғ.Жакишева сөз алып, Жолдаудың әлеуметтік мәселелерді шешуде, ұстаздар мен дәрігерлердің мәртебесін көтеруде маңызды екендігін айтып, жеке құрамды жолдауда айтылған мақсаттарды орындауға қолдау көрсетуге шақырды.
         Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің басшылық құрамы барлық қала, аудандардағы жергілікті әскери басқару органдары мен әскери бөлімдерде ақпараттық түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, Президент жолдауында айтылған барлық тапсырмалар мен жеңілдіктерді әскери қызметшілерге жеткізу қажет деп санайды. Алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.
         Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментіның баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *