Түлкібас: 200-ден астам жоба 1,4 млрд. теңгеге жуық қаржы алған

Түлкібас ауданында ауылдарды дамыту мақсатында «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша несиелендіру 6 бағытта жүзеге асырылуда. Атап айтқанда: өсімдік, мал, құс, балық шаруашылықтары және кооперативтерді жабдықтау мен тұрғындардың өз кәсібін ашуға мүмкіндік жасау. Бағдарлама былтыр Мичурин, Балықты, Рысқұлов, Шақпақ ауылдық округтерінде іске асырылып, 1 млрд 396 млн. теңгеге 209 жоба қаржыландырылды. Бұл жайында аудан әкімі Нұржан Ізтілеуов айтты.
«Биыл ауданда «Ауыл аманаты» бағдарламасына Ақбиік, Кемербастау, Арыс, Жаскешу сынды 4 ауылдық округ енгізіліп отыр. Сонымен қатар, 2024-2026 жылдары ауыл шаруашылық саласы бойынша 9,8 млрд. теңгені құрайтын 11 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарлануда. Нәтижесінде 192 жаңа жұмыс орны ашылатын болады. Былтыр аудандағы жалпы ауылшаруашылық өнім көлемі – 61 млрд 266 млн. теңгені құрады. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуын арттыру мақсатында 4 орта, 22 шағын, 6 қосалқы кәсіпорын, барлығы 32 кәсіпорын жұмыс істейді. Ауданда өнеркәсіп кәсіпорындарын дамыту мақсатында 2024-2026 жылдары өнеркәсіп саласы бойынша 447 млрд. теңгені құрайтын 11 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізіледі», – деді аудан басшысы.

Бұдан бөлек, аудан экономикасының дамуының маңызды бір бағыты туризм саласы. Бүгінде ауданда 36 туристік нысан бар. 2023 жылы ауданға 15 мыңға жуық турист келген. Жалпы туризм саласы бойынша алдағы 3 жылда жалпы құны 12,4 млрд. теңгені құрайтын 8 жобаны сүйемелдеу жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, туризм саласын дамыту мақсатында аудан аумағынан 80 га жерге емдік-сауықтыру рекреациялық аймақ құру бойынша жұмыстар жүргізілуде.Түркістан облысына инвестиция тарту жұмыстары жан-жақты жүргізіліп жатыр. Инвестициялық жобаларды арттыру мақсатында Өндірістік парктің құрылысы қарқынды. Инфрақұрылыммен толық қамтамасыз етілген дайын өндіріс орнына кәсіпкерлер тарапынан қызығушылық артып келеді.

Өндірістік паркке 100 млрд теңгеге жуық инвестиция тартуды көздеп отырмыз. 30 гектар жерде орналасқан парк аумағында 42 ғимарат салу жоспарланған. Жоба бірнеше кезеңмен жүзеге асырылады. Толық іске қосылған соң, екі мыңнан аса жаңа жұмыс орыны ашылатын болады.

Мұнда бірқатар өндіріс орындары өз жұмыстарын бастап кеткен. Қазіргі уақытта паркте су үнемдеу технологияларын шығаратын кәсіпорын құрылды. Сонымен қатар мектепке және медициналық мекмелерге арналған жиһаздар шығаратын цех жұмыс істеуде және украиналық компания өнеркәсіптік тоңазытқыштарды өндіреді. Бұдан бөлек, медициналық өнімдер, бөлме аралық есіктер, және тағы басқа өнімдерді шығаратын кәсіпорындар жұмысын бастауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *