«Е-Salyq Business» мобильді қосымшасы кәсіпкерлерге салық міндеттемесін орындауды жеңілдетеді

Мемлекеттік кірістер комитеті 2022 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып және оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолданатын жеке кәсіпкерлер үшін «e-Salyq Business» мобильді қосымшасын іске қосқан болатын.

Мобильді қосымшаның функционалы жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге, салық режимін таңдауға және өзгертуге, түбіртектер беруге, кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыруға, қосымшада есептелген салық міндеттемелерін төлеуге, оның ішінде қызметкерлер үшін, сондай-ақ, алдын ала толтырылған оңайлатылған салық декларациясын ұсынуға және арнаулы мобильді қосымшаны пайдалана отырып арнаулы салық режимін қолдану кезінде салық есептілігін тапсырмауға мүмкіндік береді.

Бұдан басқа, қосымшада берешекті қарау және төлеу, мемлекеттік кірістер органдарынан хабарламалар алу, сондай-ақ, оңайлатылған тәртіпте жеке кәсіпкердің қызметін тоқтату бойынша қызметтер қолжетімді. Қосымша «Play Market» және «App Gallery»-де қолжетімді.
Мобильді қосымша мыналарды өндіруге мүмкіндік береді:

дара кәсіпкер ретінде тіркеу есебіне қою және осындай тіркеу есебінен шығару;
салық режимін таңдау және өзгерту;
қосымшаның чектері бойынша кірістерді есепке алу.
Мобильдік қосымшада дара кәсіпкердің табысы қосымша чектерінің, фискалдық деректер операторларынан алынған бақылау-касса машинасы чектерінің деректері, сондай-ақ банктік шоттарға аударымдар бойынша деректер (дара кәсіпкердің банктік құпияны ашуға және екінші деңгейдегі банктердің ақпараттық жүйелерімен интеграциялауға келісімі болған кезде) немесе кәсіпкер қолмен енгізу арқылы енгізген деректер бойынша қалыптастырылады.Қосымшаның функционалдығы сізге:
— жеке кәсіпкер ретінде тіркелу;
— салық режимін таңдау және өзгерту;
— чектер беру;
— кірістер тізілімін автоматты түрде қалыптастыру;
— қосымшада есептелген, оның ішінде қызметкерлер бойынша салық міндеттемелерін төлеуге;
— оңайлатылған декларация тапсыру;
— берешекті қарау және өтеу;
— мемлекеттік кірістер органдарынан хабарлама алу;
— ЖК қызметін оңайлатылған тәртіппен тоқтатуға мүмкіндік береді.
Қосымша «Play Market», «App Store» және «App Gallery» бағдарламаларында қолжетімді.
«E-Salyq Business» мобильді қосымшасы-жеке кәсіпкерлерге салық міндеттемелерін орындауды жеңілдететін жаңа ыңғайлы цифрлық шешім!

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *