Еліміздің барлық өнеркәсіп салалары, оның ішінде ТКМК да мемлекеттен қандай да бір преференциялар алады. Өз кезегінде Үкімет оларды отандық өнімді сатып алу көлемін ұлғайту арқылы өңірлерде шағын және орта кәсіпкерліктің өсуін ынталандыруға шақырады.
Бірінші вице-премьер Роман Склярдың айтуынша, бұл жұмысты Qazindustry институты күнделікті жүргізеді. Бұл ретте ірі және орта компаниялар тарапынан толық түсінік қалыптасқан.
«Премьер-Министрдің ірі компаниялардың алдына қойған тағы бір міндеті – қайта бөлінуі жоғары өндірістерді дамыту. Естеріңізге сала кетейін, бұған дейін біздегі барлық алюминий экспортқа шығарылатын. Тіптен, алюминий сатып алғысы келген қазақстандық компаниялар оны көрші елден сатып алған кездер де болған. Бастапқыда сенімге кіру арқылы, кейіннен қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдай отырып, біз өзіміздің қайта өңдеушілеріміз үшін ішкі бағаның Лондон биржасынан 5%-ға төмендеуіне қол жеткіздік. Өткен жылы 51 мың тонна алюминий ел ішінде қайта өңделді. Бұл бағытты біз әрі қарай жалғастырамыз. Барлық нормативтік-құқықтық актілер бар, ірі компаниялар өз шикізатын аз жеңілдікпен береді, өндірісті ұйымдастыру үшін жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді және табысты арттырады. Шикізат нарығындағы қазіргі жағдайды ескерсек, бұл компаниялардың өздеріне де тиімді. Олар, әрине, салыстырмалы түрде төмен пайызбен, қымбат емес ұзақмерзімді несиелер сұрайды. Мүмкіндігінше бұл мәселелерді де шешеміз», — деді Роман Скляр.
Қазақстандағы автокөлік жолдарының жалпы желісі – 95 мың км, оның ішінде 25 мың км — республикалық, 71 мың км — аудандық және облыстық жолдар. Primeminister.kz сайтына берген сұхбатында бірінші вице-премьер Роман Скляр осындай ауқымды желіні күтіп-ұстау және оның сапасы туралы айтып берді.
«Біз жолдарда ақы төлеу жүйесін белсенді түрде енгізіп жатырмыз. Бірнеше жылдан кейін өзін-өзі ақтап, осы жолдарды нормативтік шектерде қамтамасыз етуі тиіс. Егер республикалық автокөлік жолдары желісін алатын болсақ, жолдар нашар салынып жатыр деген стереотиптер бар. 2009 жылы «Астана – Бурабай» автомобиль жолының соңғы учаскесі тапсырылды. 15 жыл өтті — бұл жол әлі де өте жақсы жағдайда, өйткені ол дұрыс күтіп ұсталды. Бірақ біздің нормативтеріміз бойынша жұмыс істесек, келесі жылы мұнда күрделі жөндеу жұмыстарын бастауымыз керек. Басқа да мысалдар бар: «Батыс Еуропа – Батыс Қытай». Біз халықаралық қаржы институттарынан несие алдық, жобаны 2015 жылы толығымен аяқтадық, бірақ кейбір учаскелердегі жұмыстар ертерек аяқталды. Жолдардың жағдайы жақсы, олар дұрыс күтілуде, сапасы еуропалық сападан кем түспейді. Жобаларға әлемдегі үздік компаниялардың техникалық қадағалау инженерлері тартылды. Біздің мамандар сол жолдарда бірге жұмыс істеп, тәжірибе жинады. «Астана – Павлодар» жолының кейбір учаскелері 10 жылға жуық уақыт бойы қолданыста болды. 1999 жылдан бері салынған жол учаскелерін алайық: бұл «Атырау – Бейнеу» жолы, жеткілікті уақыт өтті. Күрделі жөндеу немесе реконструкциялау жұмыстарын жүргізу қажет, бірақ соған қарамастан жол әлі де қолданыста», — деп атап өтті бірінші вице-премьер.