ЖЫЛҒАДА «АУЫЛ- ЕЛ БЕСІГІ» БАҒДАРЛАМАСЫ АЯСЫНДА СПОРТ КЕШЕНІ БОЙ КӨТЕРУДЕ

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Жылға ауылдық округіне арнай іссапарымен барып, «Ауыл- ел бесігі» бағдарламасы аясында бой көтеріп жатқан спорт кешенінің құрылыс жұмыстарын бақылады.

Мердігер мекеме «Таймас Company» ЖШС-нің тарапынан нысанның бетон құю және темір колонналарын орнату, қабырғаларын қалау екінші қабатқа көтерілетін баспалдақтарына бетон құю жұмыстары толығымен аяқталған. Қазіргі таңда, футбол алаңшасының еденіне бетон құю жұмыстары толығымен аяқталып, нысанның сыртқы сендвич панель орнатылуда.
Атқарылған құрылыс жұмыстарын саралаған аудан басшысы жұмыс қарқынын күшейте отырып, құрылыс жұмыстарын сапалы жүргізуді керектігін ескертті, сондай-ақ, ауыл әкіміне мен жауапты бөлім басшысына жұмыс барысын үнемі назарда ұстауды тапсырды.
Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев Жылға елді мекеніндегі ауыз су құрылыс жұмыстарының жай-күйін бақылады.

Мердігер мекеме тарапынан су ұңғымасын қазу жұмыстары толығымен аяқталып, су құбырларын және су құдықшаларын орнату жұмыстары жүргізілуде.
Құрылыс жұмыстарымен танысқан аудан басшысы нысан басына жұмыс жоспарына сәйкес екі апта сайын арнайы келіп бақылап тұратынын жеткізді. Сондай-ақ, мердігер мекеме өкілдеріне құрылысты жоспар бойынша мерзімінде, сапалы аяқтауды, сонымен қатар, тиісті бөлім қыз меткеріне жұмыс барысын қадағалап отыруды жүктеді.

Бүгін аудан әкімі Арман Абдуллаев Дарбаза және Жылға ауылдық округтеріндегі ауыл аумағында дала өрттерінің алдын алу және сөндіру үшін елді мекендерге арналған өрт сөндіру бекеттерінің жұмыстарымен танысты.

Өрт сөндіру бекеттерінің жұмыстарымен танысу барысында төтенше жағдайға тосқауыл қою бойынша өрт кезіндегі оқу-жаттығу өткізіліп, іс-қимыл көрсетілді. Оқу-жаттығуға аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен техникалары жұмылдырылды.
Аудан басшысы елді мекендерде төтенше жағдайларды алдын алу бағытында нақты шараларды жүзеге асыру керектігін атап, сала қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі.Аудан орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда төтенше жағдайлардың алдын алуға қатысты нақты жұмыстар атқарылуда.

Айта кетсек, Дарбаза ауылдық округіндегі өрт сөндіру бекетінде 4 маман жұмыс істейді және 2 арнайы техникасымен қамтылған. Жылға елді мекенінде №33 өрт сөндіру бекеті орналасқан. Өрт сөндіру бекеттінде арнайы 2 техника және 18 маман қызмет етеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *