Қазақстандағы көп балалы отбасылар орта есеппен қанша төлемақы алады

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы бала санына байланысты. Бірақ егер төлемдердің жалпы сомасын алушылардың санымен салыстыратын болсақ, онда орташа есеппен бір отбасына 67,4 мың теңгеден келеді.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәліметінше, 2024 жылдың басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 579,8 мың отбасы жалпы сомасы 156,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде сәуір айында 587,2 мың отбасыға 39,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді. Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады. Төлемдердің жалпы сомасын жәрдемақы алушылардың санымен салыстыратын болсақ, сәуір айында әр көп балалы отбасына орта есеппен 67 439 теңгеден түскені белгілі болды. Дегенмен бұл жалпылау есептеу – көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы мөлшері отбасындағы балалардың санына және айлық есептік көрсеткішке (АЕК) байланысты екенін есте ұстаған жөн. Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы төмендегідей болды: 4 баласы бар отбасыларға – 16,03 АЕК немесе 59 183 теңге; 5 балаға – 20,04 АЕК немесе 73 988 теңге; 6 балаға – 24,05 АЕК немесе 88 793 теңге; 7 балаға – 28,06 АЕК немесе 103 598 теңге; 8 және одан да көп баласы бар отбасыларға – әр балаға 4 АЕК немесе 14 768 теңге мөлшерінде төленеді. Қазақстанда қанша зейнеткер жаңа зейнетақы жарнасын алды Опубликовано: 22 мамыр 2024, 18:53 Ақша салынған әмиян.
БЖЗҚ-дағы 3,6 млн шартты шотқа жұмыс берушінің жаңа міндетті зейнетақы жарналары жіберілді. Солардың есебінен салымшылардың шоттарына 58 миллиард теңгеге жуық қаражат түсті. Толығырақ KAZ.NUR.KZ материалында. 1 сәуірдегі жағдай бойынша қазақстандық зейнеткерлер Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) орта есеппен 33 985 теңгеден алады. Бұл қазіргі уақытта мемлекеттік бюджеттен базалық зейнетақыға да, ортақ зейнетақыға да жетпейтін өте аз сома. Мемлекеттік зейнетақының орташа мөлшері 132 399 теңге. Алайда болашақ зейнеткерлерде мұндай төлемдер ынтымақты еңбек өтілінің болмауына байланысты болмайды. Сондықтан 2024 жылдан бастап Қазақстанда жұмыс берушінің жаңа міндетті зейнетақы жарнасы (ЖМЗЖ) енгізілді. Оны жұмыс берушілер өз есебінен төлейді. ЖМЗЖ есебінен тағайындалатын төлемдер мемлекеттік зейнетақының ынтымақты бөлігін алмастыруы керек.
Айта кету керек, ай сайын жаңа жарна есебінен жинақ артып келеді. Мәселен, 2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша БЖЗҚ деректеріне сәйкес олардың жалпы сомасы 57,9 млрд теңге болды. Бұл ақша қазақстандықтардың 3,6 млн шартты шотында сақталады. Бұл ретте жеке шоттарында міндетті зейнетақы жарналары сақталатын БЖЗҚ салымшыларының жалпы саны 11 млн астам, яғни ЖМЗЖ олардың үштен бір бөлігне ғана түседі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *