Шағын несие алатын қазақстандықтардың жиынтық портреті жасалды

ОКҚ-да өткен брифингте Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі басшысының орынбасары Қазақстандағы микроқаржы ұйымдарының орташа қарыз алушысы кім екенін айтып берді.
«Микроқаржы ұйымдары негізінен банк филиалдары жоқ шалғай аймақтарда шоғырланған, сондықтан орташа МҚҰ қарыз алушысы Қазақстан облыстарының тұрғыны саналады. Қазір шағын несиелердің басым бөлігі бизнеске беріледі. Егер осыдан 3-4 жыл бұрын МҚҰ несиелерін негізінен жеке тұлғалар тұтынушылық мақсатта алса, қазір олардың басым бөлігі бизнеске беріледі. Қайталап айтамын, орташа статистикалық портрет – аймақтардың тұрғыны, ал несие негізінен елдің шалғай аумақтарында бизнесті дамыту үшін беріледі. Біздің шараларымыз бұдан әрі МҚҰ-ны өңірлерде микробизнесті дамыту мақсатында шағын несие беруге ынталандыруға бағытталады», — деді ҚНРДА басшысының орынбасары Олжас Қизатов. ҚНРДА департаментінің директоры Нұржан Бидайбек тұтынушылық шағын несиелер бойынша орташа шот 60-70 мың теңге екенін, бизнес несиесі орта есеппен 1-2 миллион теңгеге жетуі мүмкін екенін айтты.
. Олжас Қизатов банктердің, микроқаржы ұйымдарының және коллекторлық агенттіктерден 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемеген 1,5 млн-ға жуық қарыз алушы бар екенін айтты. «Банктер балансында 90 күннен астам уақыт бойы қарызын өтемегендер саны – 980 мың адам, микроқаржы ұйымдарының балансында – 332 мың адам. Яғни банктермен салыстыратын болсақ, Микроқаржы ұйымдарында қарыз алушылардың саны айтарлықтай аз», — деді агенттік төрағасының орынбасары.
Оның сөзінше, 1,5 млн қарыз алушы үшін осы қаржы ұйымдарымен: банктермен, микроқаржы ұйымдарымен және коллекторлық агенттіктермен мақсатты жұмыс жүргізу. «Банктер мен микроқаржы ұйымдарымен бірге қаржылық жағдайы жоқ қарыз алушылар, яғни бұл көп балалы аналар, зейнеткерлер, әлеуметтік осал топтары санатына жататын жеке тұлғалар бойынша жұмыс жүргізіледі. Халықтың әлеуметтік осал топтары үшін несие берушілер негізінен осы қарызды есептен шығаруға және кешіруге бағытталған шараларды жүзеге асырып жатырмыз», — деді Қизатов. Оның айтуынша, бұл бағыттағы жұмыстар басталып кеткен. Сонымен қатар Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары 2024 жылғы сәуір айындағы мәлімет бойынша қазақстандықтардың мерзімі өткен несиелік қарыз сомасы 1,6 трлн теңге болғанын мәлімдеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *