ҚУАТТЫ АРМИЯ — ЕЛ ТІРЕГІ!        

ҚР Қарулы Күштерінің барлық әскер түрлері мен әскери бөлімдерінде жаңа оқу жылы басталды. Биылғы оқу жылы «Қуатты армия — ел тірегі! » атты ұранмен өткізілмек. Жаңа оқу жылы әдеттігідей ҚР Қарулы Күштерінде жауынгерлік даярлықты пысықтау апталығымен енді. Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің жеке құрамы таң сәріден «дабыл» белгісін қабылдап, жауынгерлік әзірлікке сақадай сай тұрды.
Жауынгерлір даярлық -мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамассыз ету жөніндегі міндеттерді және алдыңғы оқу кезеңінде қол жеткізген жауынгерлік оқу нәтижелерін ескере отырып жоспарланған.
Жауынгерлік даярлық аптасының ең алғашқы дәрісін департамент бастығы полковник А.Тлеухановтың өзі жүргізіп, 2020 оқу жылына белгіленген жұмыс жоспары мен міндеттерді жік-жігімен түсіндіріп берді.
— 2019 жылды жақсы көрсеткішпен тәмамдадық. Бұл осында отырған әрбіріңіздің жыл бойы атқарған жұмыстарыңыз бен ұжымдағы бірліктің арқасы. Алдағы оқу жылын бұдан да жоғары нәтижемен аяқтаймыз деген сенімдемін. ҚР Қорғаныс министрі жергілікті әскери басқару органдарына үміт артып, маңызды тапсырмаларды жүктеді.Олардың ең негізгілері әскерге шақыру жұмысын жоғары деңгейде ұйымдастыру, әскери-патриоттық тәрбие, Ұлы жеңістің 75 жылдық мерейтойын абыроймен атқару және әскери дайындық машықтарын жетілдіру.Біз қойылған тапсырмаларды дер кезінде орындап, Ел армиясын қуатты етуге өз үлесімізді қосуымыз қажет.Осы игілікті істе барлықтарыңызды белсенді болуға шақырамын, — деді полковник     А.Тлеуханов.
       Әскери даярлық аптасы аяқталғаннан кейін жеке құрам мамандық бойынша даярлыққа кірісіп кетті. Осы жылдағы ең басты міндет — ол күзгі әскерге шақыру науқанын жоғарғы көрсеткішпен тәмамдау. Айта кетейік, Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаменті «Ел тірегі -2019» акциясы аясында бүгінгі күнге дейн ҚР Қарулы Күштерінің әскери бөлімдеріне 600-ге жуық жас сарбаздарды аттандарып үлгерді. Күзгі әскерге шақыру науқаны желтоқсан айының соңына дейн жалғасады.
         Шымкент қаласы қорғаныс істері жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *