Ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдардың жұмысы кенжелеп қалған. Сала мамандары осылай дейді. Қоғамның дамуы үшін маңызды құрылымның ісін өрге бастыру үшін ауқымды тірліктер атқару қажет.Жалпы Түркістан облысында қағаз жүзінде 500-ден астам қоғамдық ұйым бар екен. Ал іс жүзінде оның нақты 5/1 — і ғана жұмыс атқарады.
Бүгін аудан орталығында үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету мақсатында арнайы семинар-тренинг өтті.
Аталған басқосуға «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ атқарушы директоры – А. Әбдінәбиева, «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы – С. Байзахова, аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы М.Бахтиярұлы аудан аумағында қызмет етіп жатқан белсенді үкіметтік емес ұйымдардың төрағалары, жеке балабақшалардың әдіскерлері және колледж басшылары қатысты.
Жиынды «Түркістан облысының Азаматтық Альянсы» ЗТБ атқарушы директоры Ақмарал Қалмаханқызы ашып, ары қарай «Шаңырақ» жастар мен жас отбасыларды қолдау орталығы» ҚБ төрайымы Сабира Мұратқызы қатысушыларға жиналыстың күн тәртібін таныстырылды. Семинар барысында қатысушыларға үкіметтік емес ұйымдардың азаматтық бастамаларына қолдау көрсету, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін орындауда тұрғындардың қатысуын арттыру арқылы азаматтық қоғам институттарының дамуына ықпал ету және тақырып аясында шағын гранттарға қатысу жайында ақпарат берілді. 1995 жылы Қазақстан Конституциясына өзгерту енгізілді. Бұрын негізгі заңда жергілікті өзін-өзі басқару туралы ештеңе жазылмаған еді. Тәуелсіздік алған сәттен бастап жергілікті өзін-өзі басқаруды ұйымдастыруда қиындықтар болды. Популизм көп болды. Басқарудың бұл түрін Конституцияға әдейі қоспады. Бірақ 1995 жылы Қазақстан дамыған елдердің жолымен жүретіні, сондықтан жергілікті өзін-өзі басқару қажет екені жарияланды. Орталық саяси билік мұның қажет екенін түсініп, осы бағытта белгілі бір қадам жасауды ойластыра бастады.
Конституцияға өзгеріс енгізілген соң салалық министрліктер мен мемлекеттік органдар жергілікті өзін-өзі басқару туралы заң шығаруға талпыныс жасай бастады. Қоғам да ұсыныс айтқанымен, оның бәрі әр кезеңде ескерусіз қала берді. Іс жүзінде ол заңдардың ешбірі парламентке жеткен жоқ.Қоғамдағы әртүрлі топ өкілдері, түрлі саяси күш, партия, қоғамдық қозғалыс пен ұйымдар да ұсыныс айтуға тырысты. Олар көбіне халықаралық тәжірибеге сүйенетін. Бұл процеске мен де қатыстым. Бірақ бұл кезеңде кез келген елдегі жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің қазіргі жағдайы көп жылдық, тіпті көп ғасырлар бойына созылған тәжірибеге сүйене отырып, қателерді түсіне отырып жасалған қадамның нәтижесі екенін ескермеппін. Аңғалдықпен басқа мемлекеттердің тарихын білсек, олар жеткен нәтижеге тезірек жетеміз деп ойладық. Бірақ билік онсыз да қоғамның барлық ұсынысын радикал деп, қабылдамай қойды.