Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кірістер органдары үшін экономикалық саясат жолында мемлекеттің қауіпсіздігі стратегиясын іске асырудың тиімділігін арттыру және халық үшін зиянды әрі қауіпті тауарлардың заңсыз өткізілуіне қарсы тиімді күресті қамтамасыз ету – басты мақсаттарының бірі болып табылады.
Осы ретте 2024 жылдың бес айында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментімен тауарлардың бақылаусыз әкелінуі мен әкетілуі бойынша жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде құқық бұзушылықтар анықталды.
Атап айтқанда жанар — жағармайға қатысты тыйым салу бойынша департаментінің кеден бекеттерімен анықталған мұнай өнімдерін заңсыз тасымалдаудың 89 фактісі анықталып, 2 383 литр бензин мен 11 290 литр дизель отыны сотпен тәркіленді. ?Нәтижесінде 4 млн. теңгеден астам айыппұл салумен мемлекет пайдасына өндірілді.
Сонымен қатар, акцизделінетін өнімдердің заңсыз айналымын анықтауда жалпы саны 91 факт (алкоголь, темекі) бойынша заң бұзушылық анықталып, анықталған деректерге сәйкес сот арқылы салынған айыппұлдар сомасы 4,2 млн. теңгені құрады. Оның ішінде:
— алкоголь өнімі бойынша 74 фактпен 19051 шөлмек (10635 литр) тәркіленіп, 2,7 млн. теңге айыппұл салынды.
— темекі өнімі бойынша 17 фактпен 12363 қорап (247260 дана) тәркіленіп, 1,5 млн. теңге айыппұл салынған.
Жоғарыда аталған құқық бұзушылықтарға қатысты тыйым салу, Департаментпен тұрақты түрде бақылауға алынып, құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сауда және интеграция министрлігі «Тауарлардың ұлттық каталогы» жобасын іске асырып жатыр. Жоба тауар айналымын бақылауға және қазақстандық нарықтағы бағаны реттеуге мүмкіндік беретін тауарлардың сипаттамасы бар бірыңғай тізілім болады.
Ұлттық каталогта осы тауардың қасиеттері мен сипаттамаларының толық сипаттамасы, медиа-контент, салмақ-көлемдік және тұтынушылық сипаттамалар, сертификаттар және тауар туралы басқа да ақпарат ұсынылады. Бұл деректердің көзі өндірушілердің өздері, импорттаушылар, дистрибьюторлар болады. Каталогта тіркелгеннен кейін кәсіпкерлер өз тауарларын тіркей алады.
Каталог бөлшек сауда субъектілері үшін стандартталған тауар атауларының көзі болады. Осылайша, бөлшек сауда дүкендері фискалдық чектерде тауарлардың бірыңғай атауын белгілеу үшін анықтама алады.
Мемлекет үшін каталог тауарлардың цифрлық паспорттарын қамтитын тауарларды сәйкестендіру құралына айналады. Бірыңғай атау арқылы кім, қайда, қашан, қанша және қандай тауарды сатқанын анықтауға болады, нәтижесінде тауарларға, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға мониторингінің тиімділігі артады.
Министрлікте айтқандай, үлкен жұмыс атқарылды. Өндірілетін және сатылатын барлық тауарлар цифрландырылады, сипатталады және тізімге енгізіледі. Бұл тауардың сандық паспорты, онда әр тауардың қасиеттері, салмағы мен тұтынушылық сипаттамалары, сәйкестік сертификаттары және көптеген басқа ақпарат бар.
Бірақ ең бастысы – Каталог бөлшек сауда субъектілері үшін тауарлардың атауын стандарттайды. Шын мәнінде, фискалдық чектерде тауарлардың бірыңғай атауын белгілеу үшін анықтама жасалады. Бұл белгілі бір тауар бойынша ел нарығындағы жағдай, оның тұтынушыларға сұранысы туралы толық сенімді ақпаратқа ие болуға мүмкіндік береді және, ең бастысы, елдің кез келген нүктесінде бөлшек саудада бірдей тауардың бағасын мониторингтеуге мүмкіндік береді.