СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАҒЫТЫ БОЙЫНША ЖИЫН ӨТТІ

Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшы орынбасары Ерлан Әлімқұлұлы Тұрысовтың төрағалығымен Департаменттің жеке құрамымен Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағыты бойынша жиын өтті.

Аталған жиынға ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Түркістан облысы бойынша департаментінің басшы орынбасары Дулат Алматұлы Мадияров және Тергеу бөлімінің басшысы Нұрбек Қайрбекұлы Даумов қатысты.

Жиынның алғашқы сөзін алған Ерлан Әлімқұлұлы Сыбайлас жемқорлық-мемлекеттің қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет екендігін және мемлекеттік қызметшілерге қойылған шектеулерді ұмытпау қажетігін,әрбір қызметкерге бекітілген жұмыстарды уақытылы және сапалы орындап, құқық бұзушылық фактілеріне жол бермеу керектігін атап өтті.

Жиынды кейіннен Нұрбек Қайрбекұлы жалғастырып өз баяндамасында,
Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесіне айналғанын және онымен тұрақты түрде күресу, әрбір қызметкер өздерінің қызметтік міндеттерін, әдеп ережелері мен қызметтік тәртіпті қатаң сақтап, сыбайлас жемқорлыққа жол бермеуге, әріптестерімен қарым қатынаста тек қана іскерлік әдепті, мәдениетті сақтау қажеттігін және ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңының 6-бабына сәйкес, мемлекеттік лауазымды атқаратын адамдар сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жасауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеп-тексеруге, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы хабарлауға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың салдарларын жоюға міндетті деп айтып өтті.

Жиын соңында, Дулат Алматұлымен Cыбайлас жемқорлықтың алдын алуда мақсатында, Қазақстан Республикасының Конституциясының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің, ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Заңының, сонымен қоса лауазымдық нұсқаулықтарының ережесінің нормаларын сақтау, жүйелі түрде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы тиісті жұмыстарды жүргізу, қадағалау жұмыстарын жандандыру қажеттігі ұсынылды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *