Қала әкімі Гүлжан Құрманбекованың ауылдық округ тұрғындарымен кездесуі жалғасуда. Бүгін қала әкімі Қожатоғай ауылдық округі халқымен кездесті. Кездесуге Арыс ауданы прокуроры Алмас Арыстанбеков, қалалық мәслихат төрағасы Қайрат Ахметов және ауыл тұрғындары қатысты.
Шаһар басшысы қаланың әлеуметтік — экономикалық көрсеткіштеріне тоқталып, Қожатоғай ауылында былтырғы жылы атқарылатын жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы айтып өтті.
Былтыр Қожатоғай елді мекенінде орналасқан Есқожа, Майлықожа, Елекеев көшелерінің жарықшамдарын жөндеу жұмыстары жүргізіліп, балалар ойын алаңшалары күрделі жөндеуден өткізілді.
Сондай-ақ, Қожатоғай елді мекеніндегі Аженов көшесіне, Байтоғай елді мекенінің №6 көшесіне орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңадан асфальт төселді.
Бұдан бөлек, ауыл ішінде үй іргелік ағын су жүргізу үшін тиісті құрылғылар сатып алынды. Енді электр сымдары жалғау жұмыстары жүргізіледі.
Биыл Қожатоғай, Байтоғай елді мекендеріне жаңадан су тазалау станциясы орнатылады. Ал Қожатоғайдағы су тазалау станциясын Шөгірлі елді мекеніне ауыстырылады.
Сонымен қатар, шалғайдағы Бұлақ, Дарбаза елді мекендеріне «Омега» су тазалау қондырғысы орнатылады.
Бүгін округ орталығынан су жаңа Спорт зал кешені пайдалануға берілді. Ендігі кезекте округ орталығынан Мәдениет үйі мен кітапхана комплексін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленуде.
Кездесуде округ әкімі Зәкірқожа Елшібаевтың есебі тыңдалды. Тұрғындар тарапынан салынады деп жоспарланған дәрігерлік амбулаторияның орнын ауыстыру, ауыл ішіне өтетін ағын су мәселелері айтылды. Шаһар басшысы әр мәселені жіті тыңдап, бірқатарының шешімін сол жерде айтса, кей мәселені ауыл әкімі мен жауапты сала басшыларына бірлесіп шешуді тапсырды.
Кездесуден соң тұрғындар жеке мәселелері бойынша әкім қабылдауында болып, ұсыныс-пікірлері тыңдалып, шешу жолдары талқыланды.