ҚАЗАҚСТАН МЕН ҚЫТАЙ АРАСЫНДА ПОЧТА БАЙЛАНЫСЫ УАҚЫТША ТОҚТАДЫ

Қытайдың почта әкімшілігінің бастамасымен Қазақстан мен Қытай арасындағы автокөлік, әуе және теміржол бойынша почта байланысы тоқтатылды. Бұл туралы «Қазпочтаның» жарнама және PR департаментінің директоры Дилара Зарлықова Фейсбуктегі парақшасында жазды-деп хабарлайды Nege.kz сайты.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Қытайдан келетін хат немесе сәлемдеме арқылы коронавирус жұқпайтынын мәлімдеген. Коронавирус адам ағзасынан тыс ұзақ уақыт өмір сүре алмайды, сондықтан мұндай жолмен жұқтыру қатері жоқтың қасы деген еді дәрігерлер.
«Дегенмен Қытай тарабының бастамасымен барлық почта байланысы тоқтатылды. Осыған байланысты «Қазпочта» Қытайға жөнелтілетін және өзге елдерге Қытай арқылы жеткізілетін (Бангладеш, Бруней, Бутан, Бирма, Камбоджа, Малайзия, Моңғолия, Непал, Лаос, Солтүстік Корея, Таиланд, Шри-Ланка, Филиппин, Тайвань) почталық хат-хабар, сәлем-сауқат қабылдауды тоқтатуға мәжбүр», — дейді Дилара Зарлықова.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *