Жеңілдіктер мен ынталандырулар. Салық кодексінің жобасына қандай нормалар ұсынылады

Мемлекет басшысы экономиканың түрлі секторында сараланған салық ставкаларына көшу қажеттігін атап өтті. Зерттеу нәтижелері бойынша корпоративтік табыс салығының мөлшерлемесін саралау ұсынылады.

20% базалық мөлшерлеме сақталады. Банк секторы мен ойын бизнесі үшін 25% жоғары мөлшерлеме белгіленеді. Бұл ретте, егер банктер экономиканың нақты секторын кредиттейтін болса, онда мұндай кірістер бойынша 20% базалық мөлшерлеме қолданылатын болады. Бұл туралы ОКҚ алаңында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин айтты.

10% деңгейіндегі мөлшерлеме жоғары қайта бөлу өнімдерін өндіру үшін, сондай-ақ қаржы лизингі мен әлеуметтік сала үшін ұсынылады. 3% деңгейіндегі мөлшерлеме ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін сақталатын болады.

Салық төлеушілердің барлық санаты үшін, субъективтілік мөлшеріне қарамастан, инвестициялар үшін «әмбебап» ынталандыру берілетін болады.

«Ғимараттарды, құрылыстарды, машиналарды, жабдықтарды сатып алу/салу шығындарын 100% шегеру түрінде инвестициялық салық преференциялары ұсынылады. Сондай-ақ, ұқсас шегерім қайта құру, жаңарту, күрделі және ағымдағы жөндеу үшін ұсынылады. Өз өндірісінің өнімдерін өндіру және сату үшін табыс салығының төмендетілген ставкасы ұсынылады. Шикізатты қайта өңдеу үшін ҚҚС бойынша ынталандырулар беріледі, 1 жылға дейін кейінге қалдыру ұсынылады», — деп атап өтті спикер. Салықтар мен бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер санын кем дегенде 20%-ға қысқарту туралы

Мемлекет басшысы атап өткендей, жаңа Салық кодексінде маңызды фискалдық қайтарымы жоқ төлемдер алынып тасталады, кейбірі біріктіріледі. ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында ұлттық экономика вице-министрі Азамат Амрин бүгінгі таңда барлығы 12 салық бар екенін атап өтті. Олар халықаралық тәжірибеге сәйкес келеді. Шаруа және фермер қожалықтарынан алынатын бірыңғай жер салығы табыс салығына сәйкес келеді.

«Бірыңғай жер салығын (БЖС) жеке табыс салығына ауыстыру ұсынылады. Шаруалар мен фермерлер үшін жеңілдігі бар режим сақталады. 11 төлемнің үшеуін алып тастау ұсынылады. Бұл – ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдалану, сыртқы жарнаманы орналастыру және жекелеген қызмет түрлерімен айналысу лицензияларын пайдалану үшін төлемдер. 3 төлемді біріктіру ұсынылады: жер үстіндегі су ресурстарын пайдалану үшін, орманды пайдаланғаны үшін және жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін. Табиғи ресурстарды пайдалану үшін бір төлем болады. Жалпы 77 төлем ставкасы қысқартылады», – деп атап өтті спикер.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *