Агроөнеркәсіптік кешенді субсидиялау аясында Ауыл шаруашылығы министрлігі 14 бағыт бойынша шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларын қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізуде.
Қазақстанда 270 мыңнан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер тіркелген, олардың 18 мыңнан астамы ірі заңды тұлғалар, қалғандары шағын және орта шаруа қожалықтары.
Бүгінгі таңда мемлекеттік субсидиялау ақпараттық жүйесінде 90 мың белсенді пайдаланушы тіркелген.
Мемлекеттік жүйенің іске қосылуы шаруаларды мемлекеттік қолдау шараларымен қамтуды 19%-дан 32,2%-ға дейін арттыруға мүмкіндік берді. Шағын және орта шаруа қожалықтары арасында мемлекеттік қолдау алушылардың саны артып, мақұлданған өтініштердің 25 пайызы ғана ірі заңды тұлғалардан келеді.
Жүйе сонымен қатар астықты сақтау, жинау және кептіру үшін арзандатылған дизель отынын үлестіру қызметін ұсынады. Дизель отынының қалдықтарын бөлу, жылжыту және есепке алудың барлық процестері автоматтандырылған.
Бүгінгі таңда барлық өңірлерден 45 590 өтінім беріліп, 114,7 млрд теңгеге 20 739 өтінім мақұлданды. Қалған өтініштерді облыстық ауыл шаруашылығы басқармалары қарауда.
Бұл көрсеткіштер ауыл шаруашылығы өнімін өндіруді ұлғайтуға және сапасын арттыруға көмектесетін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің мемлекеттік қолдау алу үдерісіне белсенді түрде қатысқанын көрсетеді.
Жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 трлн 549,3 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді. Оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге — 487,5 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге — 1 трлн 61,8 млрд теңге бағытталды.
1 маусымдағы жағдай бойынша зейнеткерлер саны — 2 млн 383 мың адам.
Жиынтық зейнетақының орташа мөлшері — 132 401 теңге, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері — 89 697 теңге, базалық зейнетақы — 42 704 теңге.
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалатынын еске саламыз.
Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарнасы төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.