ТҮРКІСТАН: САУРАНДА ЖИҺАЗ ЦЕХЫ АШЫЛДЫ

Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды Сауран ауданындағы бірнеше нысанды аралап, кәсіпкерлермен кездесті. Сауран ауданында жиһаз өндірісі жақсы дамып келеді. Өңір басшысы ауданға қарасты Оранғай ауылдық округінде «RICH HOME FURNITURE» жиһаз цехының жұмысымен танысты. Жаңа өндірістік цех заманауи технологиялармен жабдықталған, жылына 500-ден астам үй жиһаздарын шығаруға қауқарлы. Экспорттың негізгі көлемі Орал, Ақтөбе сондай-ақ Қызылорда, Түркістан қалаларына жіберіледі.

Жиһаз жасаушы өндірістің әлеуеті зор. Негізгі арнайы жабдықтарды шетелден алдыртады. Жиһаздардың бірегей үлгісі Ресей, Түркия, Беларусь, Қытай және Италияның сапасы мен дизайны бойынша жасалынуда. Осылайша отандық тауарлар ішкі нарықта сұранысқа ие, өзінің өнім көлемін айтарлықтай арттырып отыр.

– Облыста шағын кәсіпкерлікті, өндірісті дамыту бағытында мемлекет тарапынан кәсіпкерлерге қолдаулар көрсетілуде. Бүгінде өңірде жиһаз кластерін дамыту жұмысы қарқынды жүріп жатыр. Ол үшін арнайы жер бөлініп, жеңілдіктер қарастырылған, – деген облыс әкімі аудан әкімі мен жауапты басқарманың басшыларына кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын ширату жөнінде тапсырма берді.

Аудан бойынша 2025 жылға дейін 61,4 млрд. теңгенің 102 инвестициялық жобасын іске асыру жоспарланған. Оның ішінде ​өңдеу өнеркәсібі саласында 23 жоба жүзеге аспақ. Сауранда 12 жиһаз цехын іске қосу жоспарда бар. Оның 9-ы жұмысын бастады.

Жиһаз саласында Түркістан өңірінің әлеуеті жоғары. Осыған орай жиһаз кластерін дамытуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Онда жергілікті тұрғындар жұмыспен қамтылады. Облыс Жаңадан салынып жатқан құрылыс нысандарына қажетті жиһардар отандық өндірушілерден сатып алынады.

«Ауыл – Ел бесігі» жобасы аясында Сауран ауданында 2023 жылы 5 елді мекенде 16 жобаны іске асыруға 3,2 млрд.теңге бөлінді. Ал биыл 5 елді мекенде 12 жобаны іске асыру үшін 2,1 млрд.теңге қаралды. Жалпы өңірлік өнім көлемі 2021 жылдан бері 33 пайызға өсіп, 2023 жылы 120 млрд. теңгеге жеткен. Ал шағын және орта бизнес субъектілерінің саны соңғы 3 жылда 2 есеге өсіп, өткен жылы 7 мыңға жуықтаған.

Облыста жалпы саны 330 мектепті жоғары жылдамдықты интернетпен қамтамасыз ету үшін АҚШ-тың белгілі инженері Илон Масктің «Starlink» спутниктік интернет құрылғысын орнату жұмыстары басталып, бүгінде 329 мектепте орнатылды. Оның ішінде Сауран ауданында 13 мектепте толық іске қосылды. Бұған дейін интернеттің жылдамдығы секундына 20 мегабитке жетпейтін болған, қазіргі кезде 200 мегабитке жетіп, сапалы қызмет көрсетіліп жатыр.

Кездесуден соң облыс әкімі тұрғындарды жеке қабылдап, олардың көтерген мәселелерін тыңдады. Ашық форматтағы қабылдауға құқық қорғау органдары мен жауапты басқарма басшылары да қатысып, оңтайлы шешу жолдарын қарастырды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *