ТРАМП ТАҒЫ МАСҚАРА БОЛДЫ

АҚШ президенті Дональд Трамп Конгресте халыққа дәстүрлі үндеуін жолдадыдеп хабарлайды nege.kz сайты. Батыс басылымдары бұл жолы Америка саясатына тән процедуралық хаттаманың айтарлықтай бұзылғанын жарыса жазуда.

Трамп өз сөзінің мәтіндік көшірмелерін вице-президент Майк Пенс пен Өкілдер палатасының төрайымы Нэнси Пелосиге беріп жатқан кезде спикер Пелоси президентті құттықтау үшін қолын ұсынған, бірақ Трамп оның қолын алмады. Трибунаға қайта кеп, жолдауының соңын Америка Құрама Штаттарының жарқын болашағын суреттейтін оптимистік нотамен аяқтаған Трамптың сөзінен кейін Конгресс мүшелері қол соға бастаған кезде, Пелоси оның мәтінінің көшірмесін жыртып тастады.

Бұл әрекетінің себебін Пелоси ханым «қарапайым сыпайылық» деп атап өтті.

Ақ үй өз кезегінде президенттің жолдауы кезіндегі спикердің ым-ишараты мен істеген әрекетіне наразылық танытып, оны құрметті қонақтарға және президенттің жолдауында айтылған маңызды мәселелерге құрметсіздік танытқаны үшін айыптауда.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *