ТҮРКІСТАН: Экономика вице-министрі Сауранға келді

Жақында пайдалануға берілгелі отырған аудандық полиция бөлімінің ғимаратын аралап көрді. Сауран ауданына Қазақстан Республикасы ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков арнайы барып, ауданда салынып жатқан құрылыс жұмыстарымен танысты. Ауданның әкімшілік іскерлік орталығына 38 гектар жер бөлінген. Қазіргі таңда әкімшілік пен прокуратура ғимараттары пайдалануға берілді. Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, полиция бөлімінің және аумақтық органдар ғимараттарының құрылыстары жүргізілуде. ҚР Ұлттық экономика вице-министрі Бауыржан Омарбеков аумақтық органдар ғимаратының және ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрылыс жұмыстарын бақылады. Бүгінде құрылыс жұмыстары толық аяқталып, жақында пайдалануға берілгелі отырған аудандық полиция бөлімінің ғимаратын аралап көрді. Полиция бөлімінде ұлттық экономика вице-министрі аудан тұрғындарымен кездесіп, пікір алмасты. Аудан тұрғындары тарапынан аурухана, мәдениет сарайы, спорт кешені сынды ғимараттар салу туралы өтініштер айтылды. Вице-министр аталған нысандардың құжаттары толық рәсімделсе өз тарапынан қажетті қолдау көрсететінін мәлімдеді.

Осы кезде Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Дархан Сатыбалды депутаттармен кездесіп, өңірді дамыту барысын талқылад. ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары – Темір Қырықбаев пен Нұрсұлтан Байтілесов Түркістан облысының аудан, қалаларын аралап, халықпен кездесіп, сайлауалды бағдарламаның орындалу барысын қадағалаған болатын. Бүгін Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды халық қалаулыларын арнайы қабылдап, өңірдің дамуы жөнінде пікір алмасты. Облыс әкімі аймақты дамыту бағытындағы жұмыстарды баяндады. Өндіріс орындарын ашу, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту, ауыз сумен және газбен қамту, мектептер мен әлеуметтік нысандар салудағы жұмыстарды баяндап, Түркістанның инвестициялық әлеуетін көтеру шараларына тоқталды. Жергілікті бюджет пен кіріс көлемін ұлғайту мәселесі де назардан тыс қалмады. Сонымен бірге ағын су саласындағы түйткілдер де сөз болды. Депутаттар қалалар мен елді мекендерді аралау барысындағы халық тарапынан айтылған мәселелер туралы ой қозғады. Өңірде сайлауалды бағдарлама жүйелі жүзеге асып жатқанын, тұрғындардың көзқарасы дұрыс екенін жеткізді. Сонымен бірге Түркістан қаласының ерекше мәртебесін айшықтайтын Заң жобасына депутаттар мен қоғам тарапынан қызығушылық жоғары екенін айта келе бұл маңызды Заң жобасы бойынша белсенді жұмыс жүргізетіндерін атап өтті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *