Жарты жылда ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 1,6 трлн теңгені құрады

2024 жылдың 6 айында ауыл шаруашылығы жалпы өнімінің өсімі 1,6 трлн теңгеге жетті. Бұл туралы Үкіметтің баспасөз қызметі мәлімдеді.

«2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанның ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 1,6 трлн теңгеге жетті, бұл мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығындағы өсімнің арқасында мүмкін болды. Негізгі көрсеткіштерге ет өндірісінің 4,1%-ға, сүт өндірісінің 4,8%-ға және тауық жұмыртқасының 0,3%-ға артуы жатады», — делінген хабарламада.

Сондай-ақ бірінші жартыжылдықта ірімшік пен сүзбе өндірісі — 16,8%-ға, өңделген күріш — 11%-ға, өсімдік майы — 9,3%-ға, ашытылған сүт өнімдері — 5,6%-ға өсті.

Өсімдік шаруашылығында жалпы өнім көлемі 72 млрд теңгені құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 3%-ға артық. Ерте пісетін көкөніс пен дәнді дақылдар өсімге негізгі үлес қосты.
Түркістан, Қостанай және басқа да 5 облыс өсу қарқыны жоғары негізгі өңірлерге айналды. Сонымен қатар азық-түлік өндірісіндегі негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 5,4%-ға артып, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 68,7 млрд теңгені құрады.

Мал шаруашылығындағы статистиканы нақты көрініске келтіру жұмыстары аяқталды. Ұлттық статистика бюросымен және облыс әкімдіктерімен бірлескен жұмыс нәтижесінде 2 млн бас мал, 3 млн тонна сүт есептен шығарылды.

 

Ауыл шаруашылығы мен азық-түлік өндірісінің негізгі капиталына инвестиция ағынының тұрақты үрдісі сақталып отыр.

Ауыл шаруашылығына салынған капитал көлемі 22,1% ұлғайып, 432,8 млрд теңгені құрады, тамақ өнімдерін өндіруге құйылған қаржы 13,4% артып, 62,5 млрд теңгеге жетті.

5 айда АӨК өнімінің экспорты 2,3 млрд долларды құрады, бұл былтырғы жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,6% артық. Сондай-ақ экспорттың жалпы көлеміндегі өңделген өнімнің үлесі 40%-ды құрады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *