Қазақстанда жәрдемақының 42 түрі бар

 Жаңа әлеуметтік төлемдерді енгізу, жұмыспен қамтуды белсенді түрде қолдау және қызметкерлер құқығын нығайту Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қызметінің 2024 жылдың бірінші жартыжылдығындағы негізгі бағыттарына айналды. Әлеуметтік бағдарламаларды басқару мен бақылауда инновациялық тәсілдерді жүзеге асыруға ерекше көңіл бөлінді. 

 2024 жылдың бірінші жартыжылдығында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мемлекеттің халық алдындағы барлық әлеуметтік міндеттемелерінің уақтылы орындалуын қамтамасыз етті.

Биылғы 1 қаңтардан бастап базалық зейнетақы мен барлық мемлекеттік жәрдемақылар инфляция деңгейіне индекстелді, ал ортақ зейнетақы инфляция деңгейінен 2%-ға жоғары болды. Қазақстандық жас буын арасында болашақ зейнетақының барабар деңгейін қамтамасыз ету үшін жұмыс берушілер тарапынан міндетті зейнетақы жарналарын кезең-кезеңімен енгізу басталды.

Зиянды еңбек жағдайында ұзақ уақыт бойы жұмыс істейтін адамдарды әлеуметтік қорғау деңгейін арттыру мақсатында 2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап арнайы әлеуметтік төлем енгізілген болатын. Әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысатын 1 млн-нан астам жұмыс істейтін азамат мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан 5 әлеуметтік тәуекел бойынша 453 млрд теңге көлемінде төлемдер алды.

Республикалық бюджет қаражаты есебінен базалық және ортақ зейнетақыны қоса алғанда, әлеуметтік төлемдердің 42 түрі төленеді. Биылғы 6 айда 4,3 млн адамға: оның ішінде 2,4 млн зейнеткер мен 1,9 млн мемлекеттік жәрдемақы алушыға зейнетақы және жәрдемақы төлеуге 2,6 трлн теңге бөлінді. 2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша өмірлік қиын жағдайға тап болған 67 мың отбасының 355 мыңнан астам адамына атаулы әлеуметтік көмек тағайындалды.

Жұмыспен қамтуды қолдау шаралары

315 мыңнан астам қазақстандық жұмыспен қамтуды белсенді қолдау шараларымен қамтылған. 231 мыңға жуық адам жұмысқа орналастырылса, оның 98 мыңға жуығы тұрақты жұмыс орнына ие болды. Еңбек нарығында сұранысқа ие дағдылар бойынша 36 мыңнан астам жұмыссыз азамат онлайн білім алса, оның 33 мыңға жуығы оқуын аяқтады. «Бастау Бизнес» жобасы аясында 38 мыңнан астам адам кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды, 24 мыңнан астамы оқуын аяқтап, сертификаттар алды. 110 мыңнан астам қазақстандық қызмет саласын таңдау бойынша әлеуметтік кәсіптік бағдарлаудан өтті. Сонымен қатар жаңа бизнес-бастамаларды іске асыру үшін халықтың әлеуметтік осал санаттарына жататын азаматтарға 400 АЕК мөлшерінде 4 мыңнан астам

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *