Түркістанның әлеуетін көтеретін нысандар салынады

Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Дархан Амангелдіұлы кемшіліктер бойынша ескертпелер айтты. Түркістанның туристік және кәсіпкерлік әлеуетін көтеретін нысандар салынады. Түркістан облысында, әсіресе, облыс орталығында бой көтеріп жатқан нысандардың сәулеті қала кейіпіне сай болуы тиіс. Бұл туралы облыс әкімі Дархан Сатыбалдының төрағалығымен өткен жиында айтылды. Жиын барысында облыстағы сәулеттік жобалар жан-жақты талқыланды. Атап айтқанда, әкімшілік-іскерлік орталығындағы тұрғын үй кешендері мен коммерциялық нысандардың қасбеті, аулаларды абаттандыру, көше бойына салынатын саябақ дизайны қаралды. «Қолөнершілер орталығы» мен «Күлтебе қалашығы» жобасы пысықталып, ұсыныстар айтылды. Өңір басшысы әрбір нысанның құрылысы талапқа сай әрі сәнді жүргізілуі тиіс екенін ескертті. «Түркістан қаласының өзіндік келбеті қалыптасқан. Нысандардың сәулеттік жобалары талапқа сай болуы тиіс. Әрбір құрылысты зерделеңіздер. Құрылыстың тарихи нысандарға зияны келмеуі басты назарға алынсын. Әрбір нысанға жауапты әкім мен басқарма басшылары жобаның басы-қасында жүріп, тиісті жұмысты атқарсын», – деді Дархан Сатыбалды. Жиында әлеуметтік нысандар мен туристік ғимараттардың жобасы қаралды. Әрбір жобаны жіті қарап, ұсыныстарды тыңдаған Дархан Амангелдіұлы кемшіліктер бойынша ескертпелер айтты. Жауапты тұлғаларға жобаны жетілдіру жөнінде нақты тапсырмалар жүктеді.
ТҮРКІСТАН: Кептірілген жеміс шығаратын кәсіпорын ашылады 23.07.2024 11:280167 Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Түркістан облысында кептірілген жемістер шығаратын кәсіпорын ашылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ. Түркістан облысында кептірілнен жемістерді жаңа технологиямен шығаратын кәсіпорын ашылады. Жаңа жобаға ауғанстандық инвесторлар есебінен 1 миллион АҚШ доллар көлемінде инвестиция салынады. Бүгін «Turkistan Invest» ЖШС басқарма төрағасы Берік Кенжебаев шетелдік инвесторлармен кездесіп, келіссөз жүргізді. Нәтижесінде «Түркістан» ӘКК» АҚ және «TURKISTAN INVEST» ИТЭДАА» ЖШС-мен «Талифа» ЖШС арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Кәсіпкерлер дайын өндіріс алаңын және экобазар аумағындағы сақтау қоймаларын аралап көрді. Инвестициялық жобаның басты мақсаты – сұранысы жоғары кептірілген дайын өнімдерді облыс аумағынан шығарып, жергілікті тұрғындарды жеміс-жидектермен қамтамасыз ету. Кептірілген жемістерді «Made in Kazakhstan» маркасымен шетелдерге экспортқа шығару. Кептірілген жемістердің кең ассортиментін дайындау мақсатында жергілікті кооперативтер мен жеке шаруашылықтарға инновациялық технологияны енгізу мен тарату жоспарлануда. Сондай-ақ ауқымды жоба халықты қосымша жұмыспен қамтамасыз етуге де ықпал етеді. Жоба толық жүзеге асқан жағдайда жергілікті 70 адам жұмыспен қамтылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *