Кәсіпті дамыту үшін несиені қалай пайдаланған дұрыс?

Кәсіпкер несие арқылы кәсібін кеңейтіп, дамыта алады. Бірақ ол үшін пайда әкелетін несие түрін таңдаған жөн.
Несие – кәсіпкерлерге өз қызметін кеңейтуге, жаңа технологияларды енгізуге және компанияның қаржылай жағдайын нығайтуға мүмкіндік беретін, бизнесті дамытудың қуатты құралы. Дегенмен пайданы арттыру және қауіп-қатерді азайту үшін несиені қалай дұрыс пайдалану керек екенін түсінген маңызды.
Қаржыгер Әйгерім Кариеваның айтуынша, несиені кәсіптің айналым капиталын толықтыру, кәсіпті кеңейту, сатылымды арттыру, маусымдық қорды толтыру және тағы басқа пайдалы мақсатта қолдануға болады.
Несиенің қандай түрлері бар?
Несие мерзіміне байланысты ұзақ мерзімді (3-10 жыл), орта мерзімді (1-3 жыл) және қысқа мерзімді (1 жылға дейінгі) болып бөлінеді. Ал өніміне байланысты мақсатты және мақсатты емес деген түрі бар.
“Мысалы, кәсіпкер құрылыс материалдарын сатып алу үшін несие алды. Бұл мақсаты бар несие болып саналады. Мұндай несиенің әдетте пайыз мөлшерлемесі төмен келеді. Оны алған адам банкке шығындары туралы есеп беруі керек. Ал мақсатты емес несиелер, керісінше, қаражаттың қалай жұмсалатыны нақтыланбай беріледі. Кредитор оны өз қалауынша қолдануға құқылы”, – дейді қаржыгер.
Несие шартына байланысты кепіл арқылы және кепілсіз, ал кредитордың мәртебесіне қарай банктік, коммерциялық ұйым, мемлекеттік, халықаралық, азаматтық болып бөлінеді.
Кәсіпкерлер кәсібі үшін несие алғанда қандай қатені көп жібереді?
Қаржыгер Әйгерім Кариеваның айтуынша, кәсіпкердің кейбірі несие аларда қате жібереді. Сондай қатенің бірі – жылдық пайыз мөлшерлемесін түсінбейтінінде.
“Жылдық пайыз мөлшерлемесін, оның қалай есептелетінін түсінбей жатады. Тіпті несиені де қолдану керек екенін білмейтіндер бар. Оған қоса бизнестің қаржы көрсеткіштерін есептемейді. Салдарынан қаржылай қауіп-қатерге ұрынып жатады. Кейбірі басқа қарызды жабу үшін несие алады. Қарызды операциялық шығынды өтеу үшін емес, кәсіпті кеңейту үшін алған дұрыс”, – дейді ол.
Маман кәсіпкерге несие аларда кредиттік жүктемені көбейтіп жібермеуге кеңес береді. Өйткені тым көп қарыз алса, болашақта несие өтеуде қаржы қиындықтарына тап болуы мүмкін. Оған қоса ол несиенің мерзімін дұрыс таңдау керек екенін айтады.
“Кейде тым ұзақ мерзімге несие алып, шығындалады. Ал кейде өте қысқа мерзімге несие рәсімдеп, төлеуге қиналып жатады. Оған қоса кәсіпкерлер ұзақ мерзімді жобаларды қаржыландыру үшін қысқа мерзімді несие алуы мүмкін, бұл ұзақ мерзімде қаражат тапшылығына әкеледі”, – дейді Әйгерім Кариева.
Қаржыгердің сөзінше, несие алмас бұрын оны беретін ұйымдарды зерттеу керек. Себебі қолайсыз шарттар ұсынатын несиеге ілініп кетуге, тіпті алаяқтар шырмауына түсуіне әкелуі мүмкін.
Жеке кәсіпкерлер үшін онлайн-кредит
Жеке кәсіпкер бұл несие түрі арқылы кепілсіз айналым капиталын толықтыруға, қызметкерлердің жалақысын төлеуге құқылы. Банк 24 айға дейін 150 мың теңгеден бастап 20 миллион теңгеге дейін береді. Пайыз мөлшерлемесі – 24, 25%-дан 27,00%-ға дейін (ЖТСМ 28.8%-дан 31,6%-ға дейін). Кейін шоттағы несие қаражатын комиссиясыз шешіп алуға болады.
Елде пандемия сияқты күтпеген жағдай болып қалды. Серіктестеріңізбен жұмысыңыз уақытша тоқтап тұр, ақшаңыз аз, бірақ қызметкерлеріңіздің жалақысын төлеуіңіз керек. Осындай сәтте жалақы төлеуге мүмкіндік беретін онлайн-несиеге жүгінуге болады.
Несие лимиті
ЦентрКредит Банкі несие лимиті бойынша 250 миллион теңгеге дейін қаржы береді. Кәсіпкер форс-мажор жағдайда оны қолдана алады. Несие лимитінің ұтымды тұстары туралы бұған дейінгі материалдан толық оқи аласыз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *