Қазақстан мен Өзбекстанның сенаторлары «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітін аралады

Шымкент қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісінің Сенаты арасындағы ынтымақтастық жөніндегі парламентаралық коммиссияның IV отырысы өтті. Коммиссия отырысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты төрағасының орынбасары, Коммисияның тең Төрағасы Жақып Қажманұлы Асанов, Өзбекстан Республикасы Олий Мәжілісі Сенаты төрағасының орынбасары, Коммиссияның тең Төрағасы Содик Солихұлы Сафоев, Қазақстан мен Өзбекстан Республикаларының депутаттатары, министрліктің өкілдері біздің Шымкент қаламыздың көрікті «Сейітжан қари Есжанұлы» мешітінде маңызды қонақтар – халық қалаулылары, депутаттар қонақта болды. Олар қасиетті орынға кіріп, мешіттің тыныс-тіршілігімен танысып, жамағатпен кездесті.

Кездесу барысында халықтың рухани, мәдени мәселелері талқыланып, қоғамда имандылық пен бірлікті нығайту жолдары қарастырылды. Депутаттар мешіт қызметкерлеріне алғыс білдіріп, дін мен қоғам арасындағы байланысты нығайтуға ерекше көңіл бөлетінін айтты.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *