Абай ауданында жол инфрақұрылымы жаңғыртылуда

Қала тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсарту және көлік қатынасын жеңілдету мақсатында Абай ауданында тозығы жеткен және топырақ жолдарға асфальт төсеу жұмыстары қарқын алып келеді.

Атап айтқанда, Ынтымақ шағынауданындағы Қыз Жібек, Бәйге және Кемертоған көшелерінде жол құрылысы жүргізіліп, жаңа асфальт жабындысы салынды. Сонымен қатар, «Нұршуақ» тұрғын алабында бірнеше көшеге асфальт төселді. Аталған көшелер қатарында Бірлік, Қаракемер, Егенбұлақ, Қосмұрат, Бозкөл, Мерке, Ақпейіл және Бұрқанбұлақ көшелері бар.

Жол құрылысы аяқталған аумақтарда жергілікті тұрғындар өз ризашылықтарын білдіруде. Олар бұл мәселенің бірнеше жылдан бері көтеріліп келгенін атап өтіп, оның оң шешім тапқанына қуанышты.

Басқарма тарапынан жол сапасын жақсарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасын табатын болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *