Аталған шара — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды. Бүгін қалалық Достық үйінде қоршаған ортаны қорғау және тұрақты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Дармарка» және «ЭкоКүн» атты экологиялық жәрмеңке ұйымдастырылды. Аталған шара — Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына орай және «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясын қолдауға бағытталды. «Дармарка» – тұтыну мәдениетін өзгертуге бағытталған әлеуметтік бастама. Жәрмеңкеге қатысушылар өз үйлеріндегі жақсы күйдегі, бірақ өздеріне қажетсіз заттарды әкеліп, басқалармен тегін алмасты. Шара аясында таза және ұқыпты киімдер, кітаптар, балалар ойыншықтары және тұрмыстық заттар қабылданды. Мұндай бастама артық заттарды кәдеге жарату арқылы экологиялық жауапкершілікті арттыруға бағытталған. «ЭкоКүн» – қайта өңдеуге жарамды қалдықтарды қабылдау акциясы. Қала тұрғындары пластик (ПЭТ бөтелкелер), шыны, қағаз, картон және алюминий банкаларды өткізуге мүмкіндік алды. Бұл акция – тұрғындарды қалдықтарды сұрыптауға үйрету және экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында ұйымдастырылды. Іс-шараға «New Wave» жастар қозғалысы, Шымкент қаласындағы «Неміс» мәдени орталығы, «Екінші өмір» үйсіз жануарларға көмек көрсететін қайырымдылық қоры, «Добряки Шымкента» және «28 ілмек» әлеуметтік бастамасы қатысты.
«Таза жағалау», «Игі істер жағалауы», «Бірегей су объектілерін сақтау» акциялары жағалау аймағын тұрмыстық қоқыстардан тазартуды қамтиды, 20-дан астам акция өткізу жоспарлануда;
«Республикалық маңызы бар табиғат ескерткіштерін сақтау және абаттандыру» бойынша акциялар – 4 акциялар;
«Таза Қазақстан» акциялары;
«Тұрмыстық қоқыстарды бөлек жинау» акциясы – бұл қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа жүйесінің пайда болуы мен дамуын ынталандыратын қозғалыс, ол принциптерге негізделген өңдеу, қайта пайдалану, қайта өңдеужәне адамдардың табиғи ресурстарға саналы, ұтымды көзқарасын қалыптастырады.
Кез келген қамқор тұрғын ауқымды жергілікті экологиялық шараларға қосыла алады немесе өз бастамасын ұсына алады.