Шымкент қаласының тұран ауданында экологиялық сенбілік ұйымдастырылды

Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына Жолдауында «Таза Қазақстан»жалпыұлттық экологиялық акциясының ерекше маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, бұл бастама қазақстандықтарды біріктіріп, оларды туған табиғатқа қамқорлық жасау идеясының төңірегінде біріктіре алды.

«Таза Қазақстан»акциясы дегеніміз не?

Бұл Қазақстан аумақтарын тазалауға және абаттандыруға бағытталған жалпыұлттық экологиялық бастама.

Акцияның мақсаты-экологиялық мәдениетті қалыптастыру, «адал адам – адал еңбек – адал табыс» патриотизм құндылықтарын дәріптеу, сондай-ақ қоршаған ортаға ұқыпты қарау.Коммуналдық мекемелер тарапынан 8 бірлік техника жұмылдырылып, шамамен 100 тонна көлеміндегі қоқыс сыртқа шығарылды. «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданының Қазығұрт шағын ауданында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді. Аталған сенбілік Арыстанбек көшесінен бастау алып, шағын ауданның бірнеше көшелерін қамтыды. Іс-шараның негізгі мақсаты — көшелерде бейберекет түрде жиналған құм, тас, инертті құрылыс материалдары мен тұрмыстық қалдықтарды тазарту, сондай-ақ жергілікті тұрғындар арасында санитарлық талаптарды сақтау бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу. Сенбілікке Тұран ауданы әкімдігінің қызметкерлері, жергілікті полиция өкілдері, коммуналдық қызмет көрсетуші ұйымдар және белсенді тұрғындар жұмылдырылды. Тұрғындар тарапынан көшелерге құрылыс материалдарын үйіп тастау деректері бойынша полиция мен әкімдік қызметкерлері бірлесіп түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, қалдықтарды өз күштерімен жою туралы ескертулер берілді. Белгілі бір аумақтарда арнайы техника тартылып, тазарту жұмыстары атқарылды. Коммуналдық мекемелер тарапынан 8 бірлік техника жұмылдырылып, шамамен 100 тонна көлеміндегі қоқыс сыртқа шығарылды. Сонымен қатар, тұрғындар арасында рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастамау, көшелердің тазалығын сақтау жөнінде ақпараттық-түсіндіру шаралары өткізілді. Жергілікті полиция қызметі алдын алу шараларын жүргізіп, ескерту жасады. Мұндай сенбіліктер қаланың санитарлық жағдайын жақсартуға, сондай-ақ тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған. Іс-шара алдағы уақытта тұрақты түрде жалғасын табады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *