ШЫМКЕНТ: КӨШЕ БОЙЫ ТАС-ҚҰМ ҮЙІНДІЛЕРІНЕН ТАЗАРТЫЛДЫ

Қаратау ауданы әкімдігі мен жергілікті полиция қызметкерлері Шымкент қаласы тұрғындарының жеке жер учаскелерінің аумағын құм, тас, құрылыс және инертті қоқыс қалдықтарының үйінділерінен тазарту мақсатында арнайы рейдтік шара өткізді.

Қаратау ауданына қарасты Нұртас шағын ауданы Ақсауыт-Байтереков көшелерінің қиылысында ұйымдастырылған кезекті рейдке аудан әкімдігінің мамандары, полиция қызметкерлері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, тазалық сақтау тұрғысында тұрғындармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Қаратау ауданы әкімдігінің қоғамның орта сапасын дамыту бөлімінің бас маманы Әлібек Қалдыбек кейбір тұрғындардың құрылыс заттары есігінің алдынан асып, көшеге дейін шашылып жататынын, ескерту берілсе де, түзеуге әрекет жасағысы келмейтінін айтты. «Сол арқылы көршілері мен жүргіншілерге кедергі келтіріп жатады», – дейді ол.
Ең алдымен, тазалықты сақтау мақсатында ұйымдастырылған іс-шара барысында жеке тұрғын үйлердің көше бойына, қоғамдық орындарға құрылыс қалдықтары және әртүрлі артық заттарды шығаруының алдын алу, жалпы қалдық заттарды тазалау жұмыстары жүргізілді. Жергілікті полиция қызметкерлері тарапынан тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіліп, хаттамалар толтырылды. Мұндай рейдтік іс-шаралар және санитарлық-тазалық жұмыстары аудан көлемінде тұрақты ұйымдастырылып отырады.

Айта кетсек, полицейлер тазалық рейдін жиі өткізеді. Кезекті тексеру жұмыстары аудандағы Қазиев, Дулати, Қазыбек би, Еркіндік, Мырзабеков көшелерінде жүргізілді. Тексеру барысында аудан әкімдігінің жауапты мамандары бекітілген экологиялық полицейлермен бірлесе құрылыс қалдықтарын көшеге шығарған 12 үй және кәсіп иесін анықтап, оларға ауызша ескерту берді. Мұндай заңбұзушылық қайталанған жағдайда азаматтарға ҚР 505 бабына сәйкес әкімшілік хаттама толтырылатыны ескертілді. Белгіленбеген орындарға қоқыс тастау бойынша тексеру жұмыстары күнделікті жүргізіліп келеді.

Ескерту!
ERNUR.KZ порталында жарияланған авторлық материалдардың барлық құқықтары қорғалған және ақпараттық порталдың меншігі болып табылады. Көшіріп басу редакцияның рұқсатымен жүзеге асады. Материалды көшіріп басу кезінде негізгі мәтіннің бірінші немесе екінші сөйлемінде ERNUR.KZ сайтына гиперсілтеме көрсету талап етіледі.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *