Бұл бастама «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Шымкент қаласы, 2025 жылғы шілде — Шымкент қаласының жастары үшін жазғы мезгілде уақытты тиімді пайдалануға және қаланың көркеюіне үлес қосуға мүмкіндік беретін маусымдық жұмыс орындары ашылды. Бұл бастама «Жасыл ел» бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отыр. Жоба шеңберінде қоғамдық жұмыстар, көгалдандыру, абаттандыру және қала аумағын таза әрі жайлы ету бағытындағы түрлі жұмыстар ұйымдастырылады. Қатысушыларға еңбекақы төленеді, сондай-ақ жастар еңбек тәжірибесін жинақтап, жаңа ортада байланыс орнатуға мүмкіндік алады. Маусымдық жұмыс орындары жаз айларына жоспарланған. Нақты басталу мерзімі туралы қосымша хабарланатын болады. Жұмыстар Шымкент қаласының төрт ауданында жүргізіледі. Жобаға қатысуға ниетті жастар өздерінің аудандық жастар ресурстық орталықтарына немесе Шымкент қалалық жайлы ортаны дамыту басқармасына хабарласа алады. Байланыс нөмірі: 8 700 800 11 01 Бұл бастама жастарды еңбекке баулып қана қоймай, қаланың дамуына азаматтық үлес қосуға бағытталған.
«Жасыл ел» жастар ұйымының мақсаты:
Біріншіден, жастардың күшімен елімізді көгалдандыру, абаттандыру арқылы студент жастарды еңбекпен қамтамасыз ету. Сәйкесінше, жылына қаншама жастарды осы бағдарламаға тарта отырып, олардың арасындағы жұмыссыздықты төмендету.
Екіншіден, жастар арасында экологиялық тәрбиені насихаттау болып табылады. Демек, жастардың Отанға, жерге, табиғатқа деген патриоттық сезімін ояту.
Үшіншіден, Жастар арасында достық қарым-қатынасты нығайту, жастардың табиғатқа қамқорлықпен қарап, өзінің жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін қалыптастыру. «Жасыл ел» бағдарламасын іске асыру мемлекеттік жастар саясатының негізгі басым бағыттарының бірі.
«Жасыл ел» жастар ұйымының міндеті:
Жасыл аймақтар мен қалалар, елді-мекендердегі дендросаябақтарды құруға қатысу. Елді-мекендерге жақын маңдағы орман, бақтардың демалыс аумақтарын тазалау, суғару, әктеу, көріктендіру.
Бүгінде «Жасыл ел» республикалық штабы жалпы мемлекеттік жастар қозғалысына айналды.
Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында атап өткендей, «қоршаған ортаны қорғау және экологиялық даму: біздің еліміз үшін бірінші кезектегі мәселе, маңызды және негізгі міндетіміз. Бүкіл өркениетті әлем жұртшылығы осы мәселемен айналысуда. Бізге де мұндай жаппай үрдістен шет қалуға болмайды». Источник: https://24.kz/kz/zha-aly-tar/o-am/item/442650-zhasyl-el-zhastar-e-bek-zhasa-yny-ryl-anyna-15-zhyl-toldy
Университеттің 70 студенті «Жасыл ел» еңбек жасақтары құрамында тіркеліп, маусымдық жұмыстарды өз деңгейінде атқарды. Командир – Физика-математика факультетінің 3 – курс студенті Ибадуллаева Нағима Қайратқызы.
Алдағы уақытта да өз елінің патриоты ретінде айналаны көгалдандыруға, қаламыздың аудандары мен ауыл маңдарын, көшелерін тазартуға, спорт кешендер мен өзен жағалауларын қалпына келтіруге, саябақтар мен құрылыс алаңдарын тазартуға ниетті жасақ ретінде атсалысатын болады.
Студенттік өзін-өзі басқару ұйымдарының бір мүшесі ретінде «Жасыл ел» еңбек жасағы маусымдық жұмыстарды атқару барысында студент жастар тегін жайлы жатын орындармен, арнайы киім үлгісі және қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі. Университет мейірбикесі олардың денсаулық жағдайы, дене қызуы, қан қысымын өлшеп, ауырған білім алушылар болса шұғыл түрде емдеу жұмыстарын жүргізеді.
Жұмыстан бос уақыттарын тиімді өткізіп, ширату мақсатында түрлі жаттығу түрлері мен спорттық жарыстар мен мәдени-тынығу шаралары да өткізіліп тұрады.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары құрамындағы студенттер жөндеу-құрылыс жұмыстарына сондай-ақ, волонтерлық көмек ретінде халықтың әлеуметтік әлсіз топтарына жататын отбасыларға өз қызығушылықтары негізінде көмек көрсетеді.