ШЫМКЕНТ: Шымсити шағынауданында ойын және спорт алаңшалары жаңартылуда

Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өткен көшпелі кездесу барысында Шымсити шағынауданы, №20 үйдің тұрғындары балалар мен жастар үшін ойын және спорт алаңшаларын орнату қажеттігін көтерген болатын. Бұл мәселені жергілікті билік назарынан тыс қалдырмай, қоғамдық пікірді ескере отырып, «Абай» коммуналдық мемлекеттік мекемесі тарапынан тиісті жұмыстар атқарылды. Нәтижесінде, аталған аумақтағы ойын және спорт алаңшалары жаңартылып, пайдалануға жарамды күйге келтірілді. Аумақтағы жұмыстарды бақылап, олардың сапасын тексеру мақсатында қазіргі таңда бұл нысандарды қалалық құрылыс басқармасынан Абай ауданы әкімдігінің балансына өткізу бойынша рәсімдер жүргізілуде.

Сонымен қатар, Шымкент қаласы Қатын-көпір шағын ауданының тұрғындары Бабыр көшесінің бойында ұзақ уақыт бойы тазалық жұмыстары жүргізілмегенін айтып, «AMANAT» партиясының Абай аудандық филиалына жүгінді. Тұрғындардың айтуынша, көшенің айналасында қоқыс жиналып, бейберекет шөптер өсіп, елдімекеннің көркіне кері әсерін тигізіп келген. Бұл жағдай да тұрғындардың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған жұмыстардың маңызды бөлігі болып табылды. Азаматтардың бұл өтінішін Абай аудандық партия филиалының атқарушы хатшысы Әбдез Рахманұлы дереу назарға алып, аудан әкімдігіне хабар берді. Өзара үйлесімді әрекеттің нәтижесінде Бабыр көшесінде тазалық жұмыстары жүргізіліп, айнала ретке келтірілді. Қоқыстар шығарылып, арам шөптер шабылды.

Бұл екі мәселенің шешілуі тұрғындардың өмір сүру жағдайын жақсартуға бағытталған бірқатар жұмыстардың ғана бастамасы болып табылады. Атқарылған іске риза болған жергілікті тұрғындар алғыстарын білдіріп:
– Көптен бері айтылып келе жатқан мәселе еді. Қазір көшеміз тазарып, көркейіп қалды. Тұрғындардың үніне құлақ асып, нақты әрекет еткендерге рақмет, – деді.

Тұрғындардың өтініштеріне дер кезінде жауап беру және оларды шешу мақсатында атқарылған жұмыстар осы аймақтағы билік пен қоғамдық ұйымдардың өзара үйлесімді жұмыс істеп отырғандығын айқын көрсетеді. Бұл жағдай «AMANAT» партиясының тұрғындар өтінішіне бей-жай қарамай, жергілікті билікпен бірлесе отырып, нақты нәтижеге қол жеткізіп отырғанының айқын дәлелі.

Еліміздегі ең көп саябақтар осы Шымкент қаласында орналасқан. Біз жасыл желек аумақтарын ұлғайтып, микроклиматты қалыптастыру арқылы тұрғындардың демалуына жайлы орта құруымыз қажет. Шымкенттің дамуы Мемлекет басшысының тұрақты назарында екенін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов мәлімдеді. Шаһардың өмір сүруге жайлы қалаға айналуы және мұнда қәуіпсіз орта қалыптастыру жұмыстары жоспарлы түрде іске асып жатқанын жеткізді.

Еске салсақ, Президент Шымкентке іс сапармен келгенде шежірелі шаһардың кемінде 2200 жылдық тарихы бар екенін айтқан Мемлекет басшысы оның ЮНЕСКО деңгейінде расталған дерек екенін еске салды. Президенттің айтуынша, Шымкент республикалық қала мәртебесіне ие болғаннан бері көптеген оң өзгерістер болды. Атап айтқанда, қаланы дамытуға 170 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оған қоса 1,5 триллион теңгеден астам инвестиция тартылған. Қала бюджеті 4 есе өсіп, өнеркәсіп өнімі 65 пайызға артқан. Сондай-ақ аумағы 2,5 миллион шаршы метрден асатын тұрғын-үй салынды.

 

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *